Каналдар, оларды жобалау және есептеу жолдары


Каналдарды жобалауға және оларға қойылатын талаптар



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі104,04 Kb.
#13441
1   2   3
4.2.Каналдарды жобалауға және оларға қойылатын талаптар

Егерде канал суды жоғары деңгейдегі су қоймасынан немесе көлдерден алатын болса, онда каналдың барлық бойында су суармалы егістіктен биік болып тұрады.Егерде су көзіндегі су деңгейі канал өтетін жерлерден төмен болса, онда канал бойына бір екі жерден сорап бекетін салуға тура келеді

Каналды жобалаған кезде оған мынадай талаптар қойылады:


  • канал бойын және оған жақын орналасқан жерлерді су басып қалмауы керек және ол жерлер батпақтанбауы қажет;

  • Канал жүретін жерлер инженерлік (геологиялық және гидрологиялық ) тәртіпте зерттелуі қажет;

  • Каналды кешенді пайдалану мүмкіндігі.

  • Каналды пайдалануға ыңғайлы жағдай жасау.

Каналды жобалаған кезде арнайы жасалған техникалық құжаттарды пайдаланған жөн.

Канал жүретін жолды оның атқаратын жұмасына қарай технико-экономикалық есепке сүйене отырып бағыттайды. Біріншіден сол жердің топографиялық және инженерлі - геологиялық жағдайына және әр су пайдаланушылардың талабы есепке алынады.

Канал бойында әртүрлі топографиялық инженерлік - геологиялық т.б. кедергілер болуы мүмкін. Мысалы, канал өтетін жолда өндірістік мекемелер, инженерлік құрылыстар немесе бұзылған жерлер, жылжымалы топырақтар, жоғары орналасқан жерасты су деңгейі, қия жерлер, тасқын жүретін жерлер тағы басқалардың болуы мүмкін. Мұндай жағдайда канал бойын өзгерту жолын қарастырады, немесе жобаға қосымша инженерлік іс шара енгізеді.

Суды механикалық көтеретін жағдайда қысымды құбыр бойын қысқартуға тырысу керек. Ол үшін жер бетінің биік жерлерін тауып ол жерге су шығару және одан суды өздігімен алатын каналдарды және су сорғыш суды әкелетін каналдың ұзындығын көбейту қажет.

Каналдың бойлау сұлбасын таңдаған кезде каналдың қазба жағдайда орналасқанын таңдау керек. Қазба жұмыстарын жыл он екі ай бойы жүргізе беруге болады.

Егерде қазып алған топырақты үйме ретінде пайдалануға жағдай болса (егер ол тығыздалатын болса) онда каналды жартылай қазба жартылай үйме етіп қабылдауға болады.

Каналмен мұз, тасқын жүретін болса каналдың бұрылыс жерлерінің радиусы мына теңдеумен анықталады:

(4.2)

бұл жерде V - каналдағы су ағу жылдамдығы, м/сек;



- каналдың тірі ауданының көлденең қимасы, м2.

Бұл радиус каналдағы су деңгейінің ұзындығынан 5 есе көп болу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет