Катон-Верстка-01. indd


Көккөлдің атын естісе көңілдеріне алаң бітіп, көп жағдайда тура  жауаптан жалтарыса беретін [7,9б.]. М.4: «Көккөл»



Pdf көрінісі
бет112/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   305
Көккөлдің атын естісе көңілдеріне алаң бітіп, көп жағдайда тура 
жауаптан жалтарыса беретін [7,9б.]. М.4: «Көккөл», «Шындығатай», 
«Мұзтау». Үшеуі де Алтайдың еншісін бөліп алмаған үш ұлы іспеттес 
ғаламаттары. Басқаша айтар болсақ, Мұзтау – Алтайдың тәжі, 
Көккөл – көйлегі, Шындығатай – көксауыр етігі[182]. 
КӨККӨЛ – көпір, Өрел а.о. Көкөл жанындағы сулардың біріне 
салынған көпір. М.: Мінеки, алпыс жылдан асты, асау Ақбұлқақ жүз 
рет тасып, жүз басылды, басқа көпірдің талайын шайып қиратса да, 
Көккөл көпірі міз бағар емес [7,47б.].
КӨККӨЛ САРҚЫРАМАСЫ – сарқырама, Жамбыл а.о. Тауды 
тіліп, тасты бұзып аққан көк сарқырама атауы. М.: «... ақ көбігі аспанға 
шапшыған Көккөл сарықырамасы, тауды тіліп, тасты бұзып аққан 
асау өзендері, мәңгі мұздықтары, ит тұмсығы өтпес орманы, балығы 
тайдай тулаған көлдері, масаты кілем жайған жасыл белдері...» 
[35,9б.].
КӨККӨЛ – тау, Өрел а.о. Тау ішінде таза, әрі терең көл 
болғандықтан басты нысан ретінде алынып, тауға да сол атау берілген. 
М.1: Ол кезде Көккөлде вольфрам дейтін қымбат металл өндірілетін. 
Нар түйенің өркешіндей шошайған жұмыр таудың әр тұсында шұрық-
тесік үңгірлер бар еді. Ол үңгірлерді «штольня» десетін. Жұмысшы-
шахтерлер сол штольняларға бойлай кіріп, қайламен күн демей, түн 
демей қара терге түсіп кен қазатын. Соңынан, қазған кендерін қапқа 
тиеп, атқа өңгеріп етекке тасысатын[7,227б.]. М.2: Коккөлде кен 
қазам деп желігіп, көшкіге қалып, аяғы үсіп, гангрена бопты ғой 
[7,144 б.].


134
КӨКҚАБАҚ – ж.а., Катонқарағай а.о. Жердің ыңғайына байланысты 
қойылған атау. М.: Қабақ – жар мен сайдың не жыраның үстіңгі 
жиегіне жақын жері [50,670 б.]. 
КӨКҚАБЫРҒА – ж.а., Өрел а.о. Жердің ыңғайына байланысты 
қойылған атау. М.1: Жердің ыңғайына байланысты қойылған атау [118]. 
М.2: Көк дегені шөптің жасылдығын, молдығын көрсетіп тұр [119].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет