Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет203/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   305
123].
САРҚАМЫС – тау, Солоновка а.о. Х.: Тауды Жоғарғы және Төменгі 
деп қарастырады [123].
САРҚЫН ЖҰРТЫ – жайлау, Аққайнар а.о. антропотопоним, Х.: 
Керегетас жайлауынан кейін орналасқан. Сарқын деген кісінің аты 
[152]. М.: Сарқын деп аталатын жалаңаш кезеңнің үстіне шыға бере, 
қарсы алдымыздан Марал көлі барша көркем келбетімен жарқ етіп 
шыға келді[9, 96 б.].
САРМӨҢКЕ – ауыл, Өрел а.о. Тұрғындардың айтуынша, Сармонка 
топонимдік атауының қазақшаланған нұсқасы[193]. М1.: Сармонка 
– Шорнауа селбетіне қарайтын село[35,57б.]. М2.: Марқакөлдің 
алыстан ғана көріп, Сармөңкеге ат басын тіреу ләзім. Іргесіне келіп 
ап, нағашыңа сәлем бермей кетсең, уяттағы. Ал, екеуіне бірдей үлгере 
алмаймыз, ертең ерте қайта қайту керек[18,140б.]. 
САРНОҚАЙ – асу, Катонқарағай ауд., монғол (қалмақ) тілі 
негізіндегі қалыптасқан зоонимдер: Қандығатай (Бұланды), Жаматы 
(Ешкілі), Тарбағатай (Суырлы), Шындығатай (Аққоянды), Сарноқай 
(Сарыит) [84], М.: Сары (сын есім) + ноқай (зат есім) сөздерінен бірігіп, 
анықтауыштық қатынаста тұр. Мұндағы ноқай монғолша нохой «ит» 
сөзінен жасалған. Алдыңғы сыңары сары-монғ. Шар түркі-монғолға 
ортақ сын есім. Сонда Сарноқай «сары ит асуы» деген мағына береді 
[15,174б.]. 
САРТАҚТАЙ – жайлау, Катонқарағай а.о. «Сары» сөзі жер-су 
атауларымен тіркескенде «сар» тұлғасында қолданылатынын байқау 
қиын емес. Топономист Е.Қойшыбаев «сар» сөзі топонимдік атаулармен 
тіркескенде көбінесе «айқын, кең, негізгі, басты» деген мағынада 
жұмсалатынын айтады [183,406б.].
САРТАС – тау, Жамбыл а.о. Сартас – тастан түзілген үлкен тау 
мағынасындағы ороним [120].
САРТЕПСЕҢ – жайлау, Берел а.о. кең жазық жер мағынасын 
беріп тұр. 
ТЕПСЕҢ с ы н. Мал жайылатын жазық жер, жайылым 


222
[56,140б.],М1.: «Сартепсеңді жайлап, Ақбұлақ өзенінің екі 
жағалауындағы алқапты мекендеп, малдарын өсіреді»[41,61б.]. М2.: 
Көкала-Айғыр, Мәметек, Сартепсенім, Көз тоймайды көркіңе көрген 
сайын. [42,21б.]. М3.: Жолды жұтып барады. Міне Сартепсеңге асатын 
ақырғы асу[25,103б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет