Катон-Верстка-01. indd


ЕБЕЙ ҚИЯ – ауыл, Алтынбел а.о. Адам атымен байланысты  қойылған атау. Мұндағы «қия» сөзі  –



Pdf көрінісі
бет78/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   305
ЕБЕЙ ҚИЯ – ауыл, Алтынбел а.о. Адам атымен байланысты 
қойылған атау. Мұндағы «қия» сөзі 
– таудың, төбенің тік құлама 
беті [51, 596б.]. М.: Ебей деген адам атымен аталған, Жетебейдің 
бір баласы[113].
ЕГОРОВ – жал, Солоновка а.о. Адам атына байланысты қойылған 
атау [123].
ЕГОРОВ КЛЮЧ – бұлақ, Солдатова а.о. Адам атына байланысты 
қойылған бұлақ атауы. М.:Таловкаға қосады [128].
ЕГІЗ БАСТАУ – бастау, Катонқарағай а.о. Екі, қос бастаудың қатар 
орналасуына байланысты қойылған атау. Мұндағы «бастау» сөзі бұлақ, 
өзен суының басталатын жері, көзі, тұма мағынасын береді [45,538б.]; 
[159].
ЕГІЗТӨБЕ – ауыл, тарихи атау. Үлкеннарын а.о. Қос, екі төбенің 
көрініп тұруына байланысты қойылған атау болса керек. М.: Жаңадан 
құрылған Большенарым ауданының аумағында 1945 жылғы 22 ауылдық 
кеңестің бірі. Бұқтырма уезінің болыстығы [35, 25б.].
ЕГІНДІ – ауыл, Алтынбел а.о. Ауыл тұрғындарының егін 
шаруашылығымен айналысуына байланысты қойылған атау. М.1. 
Жар қалаға жақын жерде Егінді ауылы бар [153]. М.2. Бұрың оны 
қазақтар Жарқала, кейін орыстар оны «Яры» деп қойған. Қазақтар 
бұрын жұртжұртпен болып бөлініп тұрған. Қыстаудан шығып, 
көктеуге шыққанда көшіп жүріп Алтай тауының үстіне барған
 [136].


102
ЕЖЕМБАЙ ДАРАСЫ – дара, Өрел а.о. Кісі атына байланысты 
қойылған үлкен аңғарлы жер атауы. Дара – жерг. сай, жыра мағынасын 
береді [46,497б.]. М.: Кішкентай кезімізден Ежембай дарасы деп 
атайды. Өте үлкен аңғар, ойық жер. Текелер мекендейді [100].
ЕККЕН ҚАЙЫҢ – ж.а., Өрел а.о. Қайың ағашын егуге байланысты 
қойылған атау. М.1. Берелден Аршатыға баратын жол бойында. 
Қоңжайдан кейін тұр [100]. М.2.. Қайың тұқымын егуге байланысты 
қойылған атау [118].
ЕКІ ҒАШЫҚ ЗИРАТЫ – зират, Үлкеннарын а.о. Екі ғашық болған 
адамдардың зиратынының болуына байланысты қойылған атау. М: 
Сұлушоқының үстінде қос ғашықтың бейіті бар [150].
ЕКІАША – жайлау, Үлкеннарын а.о. Алыстан қарағанда екі ашаға 
ұқсас болып келетін болғандықтан қойылған атау. М: Осы Сұлушоқының 
етегінде ата-бабамыздың ежелгі жұрттары, жайлаулары бар. 
Жазғытұрым осы Қалес, Батал, Исабай, Сұлушоқы, Бөденелі, Екі 
аша, Қос науа жайлауларына аталарымыз малдарын айдап әкеліп, 
бағып, күзде әкетіп отырған [153].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет