Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет87/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   305
Жалқарағайы» деген сол болады [6, 42б.]. М.2:Қарағай көп өсетін 
жота [120]. 
ЖАЛПАҚ – ж.а., Жамбыл а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты «кең 
жер» мағынасында қойылған атау. Мұндағы «Жалпақ» сөзі көлденеңі 
кең, енді, жалпақ мағынасында қолданылады. М.1. Біріміз қымызбен 
ойға түссек, біріміз кешке дейін бие сауғызамыз. Ойға түскен адам 
Жалпақ жұртта жатқан бригаданың нанын теңдей келеді сөйтіп, 
бес кісінің жұмысын екеуміз атқарып жүрген жәйіміз бар [18,156 б.]. 
М.:Тау-тас арасында жалпақ жер бар[105].
ЖАЛПАҚ ЖАЗЫҚ – ж.а., Өрел а.о. Жердің жалпақ, теп-тегіс болып 
келетіндіктен қойылған атау. М.1.Жалпақ – көлденеңі кең, енді, жалпиған 
[47, 665 б.]. М.2. Жазық – кең алқапты, теп-тегіс аймақ [47, 555б.]. 
М.: Жердің ыңғайына байланысты қойылған атау [118].
ЖАЛПАҚБЕТ – беткей, Алтынбел а.о. Жердің беткей жағының 
тегіс болып келуіне байланысты қойылған атау. Бет – таулы, қыратты 
жердің таулы жағы, беткейі [47,299б.]. М.:Тау беті тегіс болғандықтан, 
Жалпақбет аталған. Бура руының жері болған. Негізінен, бай-қуатты 
адамдар тұрған деседі. [137].
ЖАЛПАҚБЕТ – жайлау, Солоновка а.о. Жердің ерекшелігіне 
байланысты беткей жағы тегіс жер болғандықтан қойылған атау. М.: 
Тегіс жер мағынасында қолданылады[123].
ЖАЛПАҚЖҰРТ– ж.а., Катонқарағай а.о. Кең, жалпақ көлемді 
алып жатқан елдің мекені мағынасын береді. Яки, тегіс болып жайылып 
жатқан елдің мекені деуге де болады. М.: Кішігірім жайлау. Ақбұлақтан 
жоғары орналасқан. Бұл да Сарымсақты өзенінің бойында. Ақбұлақтан 
жоғары орналасқан. Жайлауға барар жолда орналасқан [157].


110
ЖАЛПАҚӨТКЕЛ – айырық, Аққайнар а.о. Жол айырығында 
жалпақ өткелі бар жер болғандықтан қойылған атау. М.: Бұқтырманың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет