Катон-Верстка-01. indd


ЖУАНҚАНБЕТ–Берелдің шабындығы. Антропотопоним. Жуанқан  шабындығындағы беткей. (Комбаевтің шабындығы) [149]



Pdf көрінісі
бет95/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   305
ЖУАНҚАНБЕТБерелдің шабындығы. Антропотопоним. Жуанқан 
шабындығындағы беткей. (Комбаевтің шабындығы) [149].
 
ЖУАНТӨБЕ – тау, Алтынбел а.о. Биік, жұмыр төбелер 
кездесетіндіктен қойылған атау. «Жуан» сын есімі мен «төбе» сөздерінің 
бірігуі арқылы жасалған[138]. М.1: – Адасып кеттім! – депті Қайсекең 
беті бүлк етпей. – Құдайға анық, Иісжан, орман ішінде адасып, 
Жуантөбе түсіп кетіппін [8, 224б.]. М.2: Үсті-басымыз, астымыздағы 
аттар түгел сатпақ-сатпақ. Бұл шақта Жуантөбенің үстіне қалың 
бұлт шоғырланып, теріскейден жел шақырған. Науаның қайқаңына 
ілінгенде алдымен себезгілеп ұсақ-ұсақ нөсер тамшылары білінді де, 
қатты жел тұрды [18,160 б.].
ЖУАНТӨБЕ – төбе. Катонқарағай а.о. Басы доғал, көлемі үлкен. 
М.: Трегопункт мұнарасы бар. Алды Ақтомар, оңтүстігі Сайтансай, 
оңтүстік батысы Жуантөбе шабындығы, батысы Үшбұлақ (Бекалқаға 
асу), солтүстігі Шымқос, солтүстік шығысы Қанай[99].
ЖУАНХАН – тау, Аққайнар а.о. Бірнеше өзендер келіп түйісетін жер 
болғандықтан қойылған атау болса керек. М.: Бұрынғы атауы:Түйіскен 
болатын. Олай аталу себебі арғы жағынан кішкентай өзен келеді. Ол 
өзен екіге бөлініп кетеді. Ары және бері қарай ағып жатыр. Ары аққан 
саласы Ресейге қарай ағады [125].
ЖУАНХАН ЖҰРТЫ – ж.а, Аққайнар а.о. Кісі атауына байланысты 
қойылған атау. М.1. Жұрт – ел-жұрт [48,570 б.]. М.: Бұқпа өзенінің 
бер жағында орналасқан. Сол жерде Жуанхан деген кісінің жұрты 
мекендеген [124].
ЖУҒАНТӨБЕ – ж.а. Биіктеу, дөңес жерді су шайып кетуіне 
байланысты қойылған атау. М.1. Төбе – топырақтан, құм-қиыршық 
тастан үйіліп қалған, дөңгелене біткен биіктеу, дөң жер [56, 320 б.]. 
ЖУРАВЛИННАЯ СОПКА - тырна жотасы, Маланарым а.о. Орыс 
тілі сөздері арқылы қалыптасқан атау. Тырналар ұшып келіп, қонып 
кететін жота деген мағынада тұр. М.: Осы араға тырналар ұшып келіп, 
тоқтап, қайта ұшып кетететін [123].
ЖУСАНДЫ КҮҢГЕЙ – тау беті. Жусаны көп, күн мол түсетін 
жер атауы. М.: Күртінің Үстінде орналасқан. Шақыдан кейін тұр. 
Жусаны көп [100].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет