Катон-Верстка-01. indd


ЖАМБЫЛ – ауыл, Жамбыл а.о. Адам атына байланысты қойылған  атау. М.1: Бұқтырманың жағасында тұр, әне, Өзің туған Жамбыл



Pdf көрінісі
бет89/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   305
ЖАМБЫЛ – ауыл, Жамбыл а.о. Адам атына байланысты қойылған 
атау. М.1: Бұқтырманың жағасында тұр, әне, Өзің туған Жамбыл 
деген ауылың [42,68 б.]. М.2: Дәм тартып, Бұқтырма өзенінің өргі 
ағысында орналасқан Жамбыл деген ауылға бардық [25, 70б.]. М.3: 
Аршаты, Берел, Жамбыл, Өрелімді Білмеймін енді қашан көрерімді 
[42,75б.]. М.: 4. Одна из лучших поварих участка «Пихтовка» колхозница 
колхоза «Джамбул» Зыряновского района Даира Мужукова [12,85с.]. 
М.5:Кісі атына байланысты қойылған атау [120].
ЖАМБЫЛ – жайлау, Жамбыл а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау. М.1. Жамбыл, Аршаты, Сартақтай, Тихой жайлаулары рухани 
сусынын бір қандырды [25,104б.]. М.: а. Шабындық жер [105]. 
ЖАМПЕЙІС БҰЛАҒЫ – бұлақ, Катонқарағай а.о. Бұлақтың 
атауы кісі атымен байланысты қойылған. М.1.Бұлақ – басы қайнардан 
басталып сай-жыралармен ағатын кішігірім су [45, 679б.]. М.: 
Жампейіс – кісі аты [159]. 
ЖАНАҚАЙ – жайлау. Кісі атына байланысты қойылған атау. М.: 
Сарыкөлдің ұсақ жайлауларының бірі. Жанақай – бір қазақ жігітінің 
есімі болған [100].
ЖАНҒАЗЫ – ж.а., Жамбыл а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау. М.: Адамның аты [120].
ЖАНЫҚАЙ – жайлау, Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау. М.:а. Кісі атына байланысты атау [118]. М.:ә. Жаңықай жұрты 
тұрғаннан кейін, жер атауы да Жаңықай аталып кеткен [119].
ЖАҢА ҚАЙЫҢ – ауыл, тарихи атау. Жаңадан, жастай отырғызылған 
қайыңдары бар ауыл атауы. М.1. Қайың – ақ, қызыл қабықты, жүрекше 
жапырақты, бойлап өсетін ағаш [51,75б.]. М.2. «Жаңа Қайың», 
«Маемер», «Жаңа Үлгі» мен «Қабырға» – Дәрімбет аулы – бір бүйір, 
Ақ қала шыңның жанында» [41, 341б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет