Катон-Верстка-01. indd


ЖАРМАЖОЛ – ж.а., Өрел а.о. Екіге бөлініп баратын жолы  болғандықтан қолданылған атау. М.:Көкқабырғадан кейінгі жол [119]. ЖАРТАН



Pdf көрінісі
бет92/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   305
ЖАРМАЖОЛ – ж.а., Өрел а.о. Екіге бөлініп баратын жолы 
болғандықтан қолданылған атау. М.:Көкқабырғадан кейінгі жол [119].
ЖАРТАН – ж.а. Диалектілік ерекшелігіне орай, жердің ыңғайына 
байланысты дөңестеу жер болғандықтан қойылған атау. М.: Жартан / 
жартақ – дөңестеу жер [31,269 б.]
ЖАРТЫСУ – асу. Аз мөлшерде су ағып жататын жері бар 
болғандықтан қойылған атау[163];[107].
ЖАРЫЛҒАС – ауыл, Белқарағай а. о. Кісі атына байланысты 
қойылған атау. М.: Аңғардың аузында отырған Жарылғас ауылын 
бүрістіріп, түтінін түндіктен де асырмай, екі қатынның бөксесі 
қатар симайтын тар көшесін тулақтай қағып жатыр [170, 91 б.]
ЖӘБІКЕН – ж.а., Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған атау. 
M.: Жәбікен деген адамның атымен аталған [154].
ЖӘКЕН ЖАЙЛАУЫ – жайлау, Аққайнар а.о. Белгілі бір рудың 
қоныстануына байланысты қойылған атау. М.: Осы жерде мекендеген 
рудың аты [152].
ЖӘРІМБЕТ БЕЙІТІ – бейіт, Үлкеннарын а.о. Кісі атына 
байланысты қойылған атау. М: Балғында Жәрімбет бейіті бар. Жарты 
беті жоқ болған батыр адамның бейіті әлі күнге дейін сақталған [153].
ЖӘШІК КӨҢІ – ж.а., Катонқарағай а.о. Кісі атына байланысты 
қойылған атау. Жәшік деген кісінің жұрты, қонысы мағынасын береді. 
М.: Жәшік деген қажы адам болған [132].
ЖЕКЕБАЙ – жота, Аққайнар а.о. Батыр адамның есіміне 
байланысты қойылған атау. М.:Жекебай деген батыр болған [152].
ЖЕКЕБАЙ – тау, Аққайнар а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау. М.: Байкезеңнен кейін орналасқан. Адамның атына байланысты 
қойылған [124].
ЖЕКЕБАТЫР – кезең, Аққайнар а.о. Батырдың есімімен 
байланысты қойылған атау. М.: Аламан жарысқа Бәйгекезең де тарлық 
қылатындықтан, аттарды одан әрідегі Көкқошқардың белінен жіберіп, 


114
Жекебатыр кезеңін көктей өтіп, Көкжотада күтіп алушы еді деседі 
[Асқаров Ә. Шабанбайдай жер қайда: – Алматы: Мектеп, 2008. – 96 
б. 41б.].
ЖЕЛДІКЕЗЕҢ – ж.а., Үлкенарын а.о. Жердің ерекшелігіне 
байланысты аласа жерде үнемі жел соғып тұратындықтан қойылған 
атау. М.: Кезең – тау жотасындағы екі жағы түйетайлы болып келген 
аласа жер [49, 535 б.]. М: Ата-бабаларымызға жер жайлы аялық 
білімін толықтыру үшін, қойылып отырған атаулар [153].
ЖЕЛДІҚАБЫРҒА – ж.а., Өрел а.о. Қабырғалай келген кезеңде 
үнемі жел тұратындықтан, қойылған атау. М.: Жердің ыңғайына 
байланысты қойылған атау [118].
ЖЕЛКЕ ЖАЙЛАУЫ – жайлау, Катонқарағай а.о. Адамның дене 
мүшесі желкеге ұқсас, сырт жақтағы жазғы алыс жайылым болғандықтан 
қойылған атау. М.: Қиынжыраның ішкі жағы [159].
ЖЕЛСАЙ – ж.а., Өрел а.о. Үнемі жел соғып тұратындықтан 
қойылған атау. М.1. Сай – үлкен жыра, аңғар, ойпаң жер, қолат 
мағынасын береді [54, 538 б.]. М.: Сол өңірде әрдайым ерекше жел 
соғып тұрады [108].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет