Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет91/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   305
ЖАҢАТОҒАЙ ЖАЗЫҒЫ – жазық. Кең алқапты орман 
болғандықтан қойылған атау. М.1: Нарын өзені аңғарындағы Жаңатоғай 
жазығында орналасқан Үлкен Нарын қонысынан 18-20 шақырым 
жерде ескі қытай жолымен жүрсе, осы жол бойында молынан қорған 
тастарға жататын тас үйінділерінің арасында басы жоқ балбал 
бар [60,202б.]. 
ЖАҢАТҰРМЫС – ауыл, Катонқарағай ауд. Кеңес кезеңінде халық 
тұрмысына жаңа леп әкелетін тұрмысқа ұмтылу, халықты жұмылдыру 
мақсатында қалыптасқан атау. Жаңадан құрылған ауқатты ауыл 
мағынасында болса керек. Біріккен атау. Жаңа 
 сын есім. М.1: Бірде 
аяңдай басып, бірде домалана жүгіріп бұл тағы бір биікке шыққанда, 
алдындағы ойыстан Жаңатұрмыстың үйлері жамырап шыға келді. 
Мұржаларынан көкшіл түтін будақтай көтеріліп, аспанға тік 
шаншылып жатыр [11, 31б.]. 
ЖАҢАТІЛЕК – бригада бөлімшесі, тарихи атау. Кеңес дәуірінде 
қалыптасқан атау. Жаңадан келген жүйе, жаңадан қалыптасқан тәртіп-
ережелердің өзгеріс, жақсылық әкелетініне халықты сендіру мақсатында 
қалыптасқан атау. Жаңадан құрылған ауыл мағынасында қолданылған. 
Біріккен атау. М.1:Тыңдасаң сол, трактор бригадасын мына көрші 
Жаңатілек бөлімшесіне беру керек [169, 159 б.]. М.3. Тыңдасаң сол, 
трактор бригадасын мына көрші Жаңатілек бөлімшесіне беру керек 
[169,159 б.].


113
ЖАҢҒЫЗБЕЙІТ – ж.а., Жамбыл а.о. Алыстан көрінетін жалғыз 
бейіті болғандықтан қойылған. М.1. Жаңғыз / жалғы – бір, жалқы 
деген мағынада [47,650 б.]. Бейіт – өлген адамды жерлейтін қабір, 
мола [45,220 б.]. [120].
ЖАРҚАЛА – ауыл, Алтынбел а.о. М.1. Жарқала – жаңадан құрылған 
Большенарым ауданының аумағында 1945 жылғы 22 ауылдық кеңестің 
бірі. Бұқтырма уезінің болыстығы [35,26б.]. М.: Бұрын Жар қала 
делінген, қазір Яра деп атайды [153].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет