Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет400/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   423
Түйін сӛздер: Асанәлі Әшімов, феномен, театр, мәдениет, актер шеберлігі, кино, ӛнер, педагогика 
 
Еліміз  Тәуелсіздігін  алғаннан  бері  мәдениетіміз  ілгерілеп  қарқынды  дамуда.  Қазіргі  қазақ 
театрының  мәдениеті  ең  алдымен  әлемдегі  елдердің  ҧлттық  идеологиялары  мен  ҧстанымдарын 
қалыптастырудың  мықты  қҧралы  екені  анық.  Ендеше,  перспективалық  даму  платформаларының 
барлығы  да  ең  алдымен  ғылыми  тҧрғыда  сараланып,  кейін  практика  және  теория  жҥзінде  іске 
асырылады.  Театр  кеңістігінде  Қазақ  елі  XX  ғасырдан  бастау  алған  театр  ӛнерінде  кӛптеген 
ӛзгерістер мен әлеуметтік терпілістерге жетерлік. Қазақ театр қалыптасқаннан бері бҥгінгі кҥндегі 
жаһандық  заманауи  таласқа  сай  қабілетті  бәсекелесті  театр  екендігін  біліп  отырмыз.  Яғни 
Қазақстан театр мәдениеті әлемдік нарықта бәсекелестік тайталасқа шыға алады. Кҥллі әлемге аты 
шығып қазақ артистерінің деңгейі жоғары науқанда тҧрғанын дәлелдеп, кӛрсетіп жҥрген Асанәлі 
Әшімов екеніне кӛзіміз жетерлік. 
Ғылыми  тҧрғыда  сараптап  алатын  болсақ,  философиялық  жҥйе  мен  келесі  тҥрдегі  біздің 
театр ӛнеріміз кӛптеген кҥрделі кезеңдерден ӛтті. Ауыз толтырып айтарлықтай аспектті тҧрғы да 
жетерлік. Ӛмір мен ӛнер ҧштасып жатқан бір ғанибет дҥние болғандықтан, оны ҥстірт қарап ӛтуге 
болмас. Жалпы ӛнер мен ӛмір әр адамның тҧлға немесе жеке дара ретінде болмаса, философиялық 
және феномен ретінде қарастыру тарихи тҧлғалық қҧндылық болып табылады. 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  21  қарашадағы  «AIQYN»  республикалық  қоғамдық  –  саяси 
газетінде  «Ҧлы  даланың  жеті  қыры»  атты  мақаласы  -  рухани  жаңғыруымызды  жалғастыратын, 
тарихи  қҧндылықтарымызды  сақтап,  оны  ӛскелең  ҧрпаққа  дәріптейтін  ӛте  қҧнды  мақала.  Бҧл 
мақалада ҧлы даламыздың жеті қыры айғақты дәлелдермен кӛрсетілген. Халқымыздың мәдениеті 
мен тарихы - мақтан етуге тҧрарлық ҥлкен байлық. Мҧндай баға жетпес тарихы бар мемлекетімізді 
әрбір  Қазақстан  азаматы  мақтан  тҧтуы  тиіс.  Біз  ҧлттық  кодымызды  ҧмытпай,  әлемге  ӛзімізді 
танытуымыз  керек.  Елбасымыз  «Ӛткенін  мақтан  тҧтып,  бҥгінін  нақты  бағалай  білу  және 
болашаққа  оң  кӛзқарас  таныту  –  еліміздің  табысты  болуының  кепілі»  [1]  –  деп  атап  ӛткендей, 
қазақ  ӛнерінің  одан  әрі  дамып,  ӛркендеуі  мен  рухани  жаңғыруы  ҥшін  ҧлы  тҧлғалардың  еңбегін 
екшеп жас ҧрпаққа қайта табыс етуміз керек.  
Бҥгінгі таңда әлем бойынша барлық тәуелсіз мемлекеттерде ӛнер мәдениетінің ішінде кино 
және театр ӛнерлері алдыңғы орынға қойылған. Әр ӛркениетті мемлекеттердің мақтан тҧтар дарын 
иелері, ӛнер саңлақтары, халық сҥйетін жҧлдыздары бар. Біздің елде бірегей дарын иесі - Асанәлі 
Әшімов. 
Асанәлі Әшімовтің актерлік жолын айқындайтын басты негіздердің бірі - қоршаған ортасын 
ой тҥйсігімен сезіне білген тҧлғалығы. Ауыл ӛмірі мен қала тіршілігімен жақсы таныс болғанымен 
қатар  тілінің  тазалығы  актерлік  ӛнерде  негізгі  басты  керек  қасиеттердің  бірі.  Сондықтан  да 
кейіпкер  сӛзін  нақты  жеткізе  алады.  Аға  буын  актерлар  Қ.Жандарбеков,  Ш.Айманов, 
С.Қожамқҧлов, Қ.Байсейітов, Қ.Бадыров т.б театр діңгектерінен тәлім кӛріп ҥйренді. Ӛнерге ӛріс 
керек  болса  оны  ӛсіретін  ӛнерпаздың  ӛзіндік  іздемпаздық  кӛк  жиегі  болатыны  заңды 
қҧбылыстардың бірі. Асанәлі Әшімовтің тҧлғалы образды рӛлдерінің бірі – Шыңғыс Айтматов пен 
Қалтай  Мҧхамеджановтың  «Кӛктӛбедегі  кездесу»  деп  аталатын  қойылымындағы  профессордың 
рӛлі.  Бҧл  спектаклді  зерттеу  зерделеу  зейін  қою  барысында  Асанәлі  Әшімов  ӛзіндік  кілтін  ар 
алдындағы  арылу  немесе  ар  адалдығы  ҥшін  шайқас  деп  таба  білді.  Спектаклдің  негізгі  сюжеті 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
316 
 
бҥгінгі  замандастардың  кҥнделікті  қоян-қолтық  жҥрген  бір  топ  интеллигенция  ӛкілдерінің 
азаматтық ар-ҧят, адамгершілік, шындық атты қҧбылыспен бетпе-бет келген сәттегі профессордың 
болмыс-бітімі  адами  қҧндылығы  осы  сәтте  ашылады.  Асанәлі  Әшімов  ӛзіне  берілген  рӛлді 
шынайлық  пен  биік  парасаттың  негізінде  орындап  шықты.  Әзірбайжан  Мәмбетов:  «Режиссер 
ретінде  алдымен  айтарым  –  Асанәлі  ізденімпаз,  зерделі  актер.  Осыған  орай  ол  сахнада  болсын, 
экранда болсын, замандастарымыздың бейнесін жасауда ӛзіндік ҥлесін қосып келе жатқан ӛнерпаз 
актер. Ол сомдаған кейіпкерлерде темперамент басым» [2]. 
Макс Фриштің комедиясындағы Дон Жуаның бейнесі Асанәлі кҥш қуаты бойына сыймаған 
албырт еркек қана емес, бал деп ҧртағанының бәрі у болып шыққан, уыз сезімін былғап алған соң 
алдамшы дҥниеге қарсы алдамшылық жолмен кҥреске шыққан ызалы жаның кҥрделі кҥйзелісінен 
кӛрініс  береді.  Ӛң  бойында  актерлік  шеберліктің  темпераменті  жарқырап  жайнап  салған  тарлан 
суреткерлігіменде кӛптің назарында қалды.  
Асанәлі Әшімов қазақ ӛнерінің контексіне қосқан ілімі мен білімі бар жеткілікті екенін анық. 
Оған мына ӛнер сыншылары, ҧлы тҧлғалар айтқан сӛздігінен білуге болады: 
«Асанәлімен  иықтасып  кино  алаңына  шыққанда,  оның  ӛңменіңнен  ӛтіп  кететін  жанары 
алғашқыда  абдыратып-ақ  тастайды.  Бірақ  мҧндай  жанардың  тҧзағына  бір  іліксең  болды,  ӛзіңнің 
ойнап жҥрген рӛліңді тереңірек сезінесің» [3; 4] - деді Олег Табаков. 
«Асанәлінің  экрандық,  сахналық  кейіпкерлерінде  бірін-бірі  қайталамайтын,  бірақ  қаншама 
адамгершілік  қасиетке  мол,  жарық  дҥниенің  парқын  таныр  кӛкірек  кӛзі  ояу  адамдарға  кезігіп 
отырасыз.  Бҧл  азамат  актердің  қоғам  қажетін  тек  кӛрермен  алдына  шыққанда  ғана  тҥсінгендігі 
емес,  керісінше,  суреткерлік  жауапкершілігін  айқын  сезінуінен  барып  туған  принцип.  Осы 
міндеттерді  жете  тҥсінгендігі  болар,  Асанәлінің  қай  ойынында  да  шынайлық  басым.  Оның 
кӛрермен  алдындағы  отты  да  ойлылығы,  ӛзін-ӛзі  ҧстауы,  жалындай  жанып,  ӛршелене  ӛнер 
кӛрсетуі,  сол  баяғы  ӛзіміз  айта  беретін  шынайылыққа  барып  ҥйлесім  тауып  жатады»  -  деді 
Әшірбек Сығай [4; 8].  
Халықтың асыл туындысын бҥгінгі заманның маңызды да әсерлі ӛнері – кино тіліне аударып 
жандандыру қазақтардың ертедегі ҧлттық бейнесін бҥкіл әлемге танытатындай экраннан кӛрсету 
игі  іс.  Теңдесіз  фильм  жасау  оның  табиғи  мазмҧндылығы  мен  кӛркемділік  қасиеттерін  халық 
әдебиетінің  кино  ӛнеріне  бҧрмалаусыз  жеткізудегі  ҧтымды  кинематографиясында  мифтік  кино 
ҥлгісін жасап, кҥні бҥгінге дейін жоғары бағаланатын «Қыз Жібек» фильмі болып саналады. «Қыз 
Жібек»  фильмінің  режиссері  Сҧлтан  Қожықов  V  Бҥкіл  одақтық  кинофестивалінде  ҥздік  әсем 
безендірілген  фильм  ретінде  марапатталған  болатын.  Қазақ  кино  ӛнерінің  биік  шыңына  шыға 
білген «Қыз Жібектей» фильмнің негізгі бел омыртқасы бола білген Бекежан бейнесі Асанәлінің 
образында  зҧлым,  даңқой  емес  керісінше  Жібекке  деген  махаббаты  шексіз  батырдың  тҧлғасы 
кӛріне  алды.  Асанәлі  аға  ӛз  рӛлінің  сыртқы  тағдыры  мен  қоса  ішкі  кҥйзелісінде  ӛзекті 
ӛкіндірердей  ӛрбіте  білді.  Фильмнің  негізгі  лейтмотиві  болған:  «Сыя  алмай  жҥрсек  екен-ау, 
сыйыспай жҥрміз ғой!» - дегеннен ақ Асанәлінің асқақ бейнесі кӛз алдымызға келетіні анық.  
«Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Маньчжур нҧсқасы», «Сіз кімсіз, Ка мырза ?» 
фильм  тетралогиясындағы  Асанәлі  Әшімовтің  актерлік  диапазонының  сан  қырлы,  жҥз  тҥрлі 
екендігі мемлекет қауіпсіздік органының қызметкері Шадяров бейнесінде кӛрсетіледі.  
Бҧл рӛл  – А.Әшімовтің ҥлкен табысы. Ол ӛзіне тапсырылған рӛлді ойнап жҥрген жок, сол 
қаһарманның  ӛмірін  бастан  кешіп  жҥр.  Актердің  ойыны  психологиялық  дәлдікке  және 
табиғилыққа толы, кейіпкердің жҥріс-тҧрысы, сӛйлеу мәнері, кӛзқарасы актердің ӛз мамандығын 
толық меңгеріп, алдына қойған мақсатты бар ынта-жігерімен орындап шыққанын кӛреміз. Асанәлі 
Әшімов  авторлардың  осы  рольдің  қам-қаракеті  арқылы  айтайын  деген  ойларын  шеберлікпен 
жҥзеге  асырып  қоймай,  рӛл  трактовкасына  ӛз  жанынан,  ӛз  ойынан  кӛптеген  жаңалық  енгізген. 
Қасымхан  Шадияров  рӛлі  –  Асанәлі  Әшімовтің  кинодағы  алғашқы  рӛлі  емес.  Олардың  ішінде, 
Жанай  «Асау  Ертіс  жағасында»,  Байтасов  «Бір  ауданда»,  Мҧрат  «Тҧлпардың  ізі»,  Қәймен  «Ән 
қанаты»,  Шерин  «Қилы  кезең»  рольдерін  ерекше  атап  ӛту  керек.  Оның  соңғы  кездегі  бір  ҥлкен 
табысы – «Қыз Жібектегі» Бекежан рӛлі бар болатын. «Бір сӛзбен айтқанда, «Атаманның ақыры» – 
қаһарлы  кҥндер  бейнесін  экранда  бар  нақышымен  кӛрсете  алған,  қазақ  киносының  тарихында 
белгілі бір белес болып қалатын сәтті туынды».  
«Асанәлі  Әшімовтің  сахна  тӛрі  мен  кино  ӛнерінде  ойнаған  әртҥрлі  мінез-қҧлықты  рӛлдері 
тҧлға  ретінде  қалыптасуының  жарқын  бастамасы.  Актердің  кино  мен  театрдағы  рӛлдерінің 
арақашықтығы  алшақ.  Мысалға,  театр  сахнасында  ойнаған  Қодары  мен  кинодағы  Бекежаны  екі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет