Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет424/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   493
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

346 


Қиын кезеңнен білікті қымбат библиографиялық көрсеткіш жасап шығарды да, құрастыруша айықпас 

пәлеге қалды. Қайда шақырылмады, қандай ат тағылмады. 

Алпысыншы  жылдардың  жан  қарыр  ызғарын,  арада  көп  уақыт  өтіп  кеткен  бүгінгі  күні  екінші  бір 

жинақ жарық көрді.  

Ойланып  отырған  кісіге,  ғалым  жазбасы  қазақ  халқының  шын  болмысын  байқататын  әділ  сөз,  ащы 

ақиқат  төңкерістің  арғы  жағында  көбірек  айтылған  еді  деген  ой  ұшығын  ұстары  хақ.  Екіншіден,  бүгін 

қолымызға  оп-оңай  тиіп  отырғандай  көрінетін  «Дала  уәлиятының  газеті»  қос  томдық  жинақтың  осы 

секілді  дау-дамайлы  шағын  ғана  библиографиялық  көрсеткіштерден  бастау  алғанын,  «жар  басындағы 

жаңғақты,  жанынан  безген  алып  жер»  дегендей,  қиын  жолдан,  тар  соқпақтан  қиналып  өтіп  жүріп 

құрастырылған еңбек. 

Ә.  Марғұлан,  Е.  Ысмайлов,  Б.  Кенжебаев  секілді  айтулы  үш  ғалым  өзара  ынтымақтасып  еді, 

қаһарынтіге  төніп  келген  саяси  айыптаудан  Ү.Субханбердинаның,  оның  библиографиялық  көрсеткішін 

құтқарып қалды[23]. 

Аталмыш жинақ – ең алдымен қазақ халқының ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік 

тұрмысы,  рухани  өрісінің  айнасы.  Жинақтағы  материалдарға  қарап  отырып  халқымыздың  белгілі  бір 

тарихи  кезеңдегі  бүкіл  болмысының  қалың  ұйқыдан  оянуы,  марғаулық,  мешеуліктен  құтылсам  деген 

серпілісі, айнала бөтен елдердің құрсауы, жоқшылық, алауыздық түгел көргендей боласың. 

Бәрін  айт  та,  бірін  айт  дегендей,  «Дала  уәлиятының  газеті»  қос  томдыққа  енген  үлкенді-кішілі 

материалдардан  қазақ  халқының  ХХ  ғасыр  басында  кішігірім  ренессанчтық  ояну  дәуірін  бастан 

өткергенін түсінуге болады. 

Ү. Субханбердинаның көп жыл көз майын тауыса жүріп жинап шығарған «Дала уәлиятының газеті» 

қарапайым оқушыдан қарқаралы оқымыстыларға дейін көмек болатын, қазақ халқы мәдениеті, әдебиеті, 

баспасөзі  тарихына  қызығатын  кім-кімге  де  көп  мәлімет  берерлік,  жанын  байытарлық  байсалды  еңбек. 

Кезінде  басылуынан  бастап,  жиналып  жинақ  болып  құрастырылуына  дейін  көп  қиындықты  бастан 

кешкен тағдыры үлкен, кезеңдік саяси науқандарға іліксе де аяғын шалдырмай аман өткен еңбек. 

Қорыта  айтқанда,  табиғатынан  атақ  пен  даңққа  құмар  емес  жан  кезінде  репрессияға  ұшырағандар 

ақталғанда «оларды алғаш танып, мақалаларын оқыған мен едім» деп әлдекімдерше шу да шығармады, 

мақала  да  жазбады.  Тек  адал  еңбекті  ғана  мұрат  тұтып,  тындырымды  еңбек  етуге  тырысты.  Ол  осы 

саладағы 30 жылдық еңбегінде тек қана елі мен халқының рухани игілігіне қажетті деген салада ерінбей 

еңбек етіп, сүбелі үлес қосты. Осы орайда тағы бір тоқталар жай – революцияға дейінгі қазақ газеттері 

мен  журнал-кітаптарының  араб  әріпімен  жазылғандығында.  Сарғайып,  кей  жерлері  үгітіліп  қалған  ескі 

газет-журналдарды алдымен микрофильмге түсіріп, содан соң ғана оқып түсіну, әрине, оңай емес. Оның 

үстіне, ешқандай дауыссыз, яғни қарекетсіз жазылатын араб әріпімен жазылған бір сөйлемді оқып шығу 

үшін  де  шақшадай  басыңыздың  шарадай  болары  сөзсіз.  Осынау  мехнатты  жұмысына  қарамай  білікті 

ғалым  өмір  бойы  осы  бір  ғана  салада  табан  тіреп  еңбек  етті.  Тынымсыз  ізденіс  пен  қажырлы  еңбектің 

нәтижесінде  ғалым-библиограф  Үшкөлтай  Хасенқызы  революцияға  дейінгі  қазақ  мерзімді  баспасөз 

басылымдарының бүтін бір галериясын жасап шықты десек артық емес. 

Оның  әрбір  ғылыми  және  әдеби  еңбегі  ұлттық  журналистика  мен  библиографияның  түп-тамыры 

тереңде,  әрі  оның  тірегі  құнарлы  және  бірнеше  ұрпақ  үшін  жым-жылас  жоғалған  жылдардың  қайта 

жаңғыруы екендігін сөзсіз дәлелдейді. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1. Әбдіраманова Ж. Көптен күткен кітап («Ғашық–наме» туралы) // Қазақ әдебиеті,- 1976 -22 қазан.- 

Б. 1. 

2. Әнесова Ғ. Қажетті көрсеткіш //Қазақ әдебиеті.- 1986 -8 тамыз.-Б.4. 

3. Төлепберген Б. Шабысынан танбаған тарлан ( Ғалым Ү. Субханбердина туралы үзік сыр) // Алматы 

ақшамы.-1995- 12 шілде. – Б. 3. 

4. Досымбекова Р. « Дала уәлиятының газеті» // Лениншіл жас. – 1991. -22 тамыз.-№163.- Б. 3. 

5. Досымбекова Р. Қиссалар – төл қазынамыз // Қазақ әдебиеті.-1986 – 17 қазан.-№42.- Б. 6. 

6. Жанпейісов Е. Пайдалы еңбек // Қазақстан мектебі.- 1963.-№9.- Б.94-95. 

7. Жетписбаева А. Сквозь призму столетия // Простор.- 1991.-№5.-С.158-160. 

8. Исмакова И., Пірімжанова Г. Жоғалған жылдар жаңғырығы // Өркен.- 1990.-29 желтоқсан.- Б. 3. 

9. Карашева Т. Бір жинақ төңірегінде туған ойлар // Қазақ әдебиеті.- 1971.-7 мамыр.-№19.-Б.3. 

10.Кенжебаев Б. «Айқап» журналы туралы еңбек // Қазақстан мұғалімі.- 1961.-4 тамыз.-№32.- Б. 4. 

11.Көккесенұлы Б. Қалың тарихтың қастерлі беті: Сүйінші дана // Ана тілі .- 1993.- 17 маусым.-Б. 7. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

347 


12.Қалиев С. «Дала уәлияты» хақында: Ежелгі ұлт достығының куәгері // Өркен.- 1989.-4 қараша.-Б. 

3. 

13.Қамзабекұлы Д. Алтынның сынығындай // Ана тілі.- 1994.-11 тамыз. 

14.Қамзабекұлы Д. «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» - санамызда // Қазақ әдебиеті.- 1993.-25 маусым.- 

Б. 2. 

15.Матыжанов  К.  Қайта  оралған  қазына  немесе  «Дала  уәлияты»  туралы  сөз  //  Қазақстан 

коммунисі.- 1990.-№2.- Б.71-74. 

16.Нығметов Е., Жұмабаев Ә. Бағалы мұра бастауы // Социалистік Қазақстан.- 1987.-16 май. – Б. 4. 

17.Омарбеков С. Ғылым қоржынына түскен қазына // Егемен Қазақстан.-1995.-24 маусым.-Б. 3. 

18.Омарбеков С. Қадымша жазбамыздан бір жиһаз // Алматы ақшамы.- 1995.- 3 сәуір.- Б. 4. 

19. Омаров Х. Разобраться в самом себе // Новое поколение. – 1996. -№23.- С. 6. 

20.Сарқожин Р. Бұрынғы баспасөздегі мақалалар // Социолистік Қазақстан.- 1963.- 11 сәуір.- Б. 4. 

21.Сарсенбекова Д. Жемісті еңбектің жалғасы // Зерде .- 1996. - №7.- Б.11. 

22.Сейдімбек А. Көне газет – жаңа жинақ // Қазақ әдебиеті.- 1989.- 11тамыз.- Б. 3. 

23.Тұрарбеков З. Мәдени мұрамызды жұртқа кең таныстырайық // Қазақ әдебиеті.- 1962.- 16 ақпан.- 

Б. 3. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет