Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


 Тірі организмдерге экотоксиканттардың түсу жолдары мен



Pdf көрінісі
бет54/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   122
 2. Тірі организмдерге экотоксиканттардың түсу жолдары мен 
әсер  ету  механизмдері.  ХХ  ғасырдан  бастап  адам  организмі 
алуан түрлі синтезделген заттардың әсеріне ұшырап келеді. Олар 
адам  денсаулығының  қалыптасуына  айтарлықтай  ықпал  етеді. 
Мұндай 
заттар 
организме 
жат, 
бөгде 
болғандықтан, 
ксенобиотиктер  (гректің  xenos  –  жат,  бөгде  дене  деген  сөзінен 
шық-қан) деп аталатынын айтқанбыз. 
     Барлық ксенобиотиктер мынадай үш топқа бөлінеді: 
1)  шаруашылық 
әрекет 
өнімдері 
(өнеркәсіп, 
ауыл 
шаруашылығы, көлік); 
2)  тұрмыстық  химия  заттары  (жуғыш  заттар,  паразиттермен 
күресу құралдары, парфюмерия); 
3)  көптеген дәрі-дәрмектер. 


 
 
114  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
     Ауыр 
металдар  организмге  тән  болғандықтан,  олар 
ксенобиотиктер тобына жатпайды. Алайда организмдегі мөлшері 
көбейгенде олар да уытты әсер етеді. 
     Бірқатар 
ғалымдардың 
зерттеуінше, 
ксенобиотиктердің 
организмге  түсуі,  бір  жағынан,  олардың  мембранамен  берік 
байланыс  түзу,  әдеттегі  метаболиттермен  бәсекелесу  қабілетіне, 
екінші  жағынан,  организмнің  өзінің  қасиеттеріне  байланысты. 
Мұнда  организмнің  айқындаушы  қасиеттері  ретінде  мыналарды 
атауға болады: 
     •  организмнің иммундық жүйесінің жай -күйі; 
     •  организмнің жасы; 
     •  соматикалық аурулардың кездесуі. 
     Организмнің  иммундық  жүйесі  организмді  бірнеше  түрлі 
макромолекулалардан қорғайды, олардың ішіндегі ең маңыздысы 
белоктар болып табылады. Солай бола тұрса да, иммундық жүйе 
шағын  бөгде  молекулаларға  жауап  қайтармайды,  ал  олар 
организмге енген соң химиялық қорғаныштың басқа жүйелерінің 
«жемтігіне» айналады. 
     Ал  ауру  организмде  шағын  молекулалардың  өзіне,  мысалы, 
пенициллинге  аллергиясы  тууы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда 
организм 
пенициллиннің 
өзіне 
емес, 
оның 
басқа 
макромолекуламен,  мысалы,  белокпен  комбинациясына  жауап 
қайтарады.  Осы  ком-бинацияның  нәтижесінде  организм  белогы 
иммундық жүйе үшін бөгде зат болып шығады. 
     Организмнің 
өзінде  бөгде  белоктардан  кейбір  амин 
қышқылдарының  реттілігімен  ғана  өзгешеленетін  мыңдаған 
белоктар  кездесетіндіктен,  оларды  «өзіндік»  және  «жат» 
белоктарға сұрыптау асқан сақтықпен жүргізіледі. 
     Организмнің  иммундық  жүйесі  жаңылысқан  сәтте  оның  өз 
белоктарының жасайтын шабуылынан аутоиммундық ауру пайда 
болуы мүмкін. Мысалы, миастения – аутоиммундық реакцияның 
нәтижесінде  бұлшық  еттердің  рецепторлары  бұзылып,  жиы-
рылудың жүйкелік механизмі қатардан шығады. 
     Сонымен, организмнің иммундық жүйесі ірі бөгде денелермен 
күреседі.  Ал  мұнда  әңгіме  патогендік  организмдердің  тіршілік 


 
 
 
115
 
әрекетінің  өнімдері  болып  табылмайтын  (ксенобиотиктер)  кіші 
молекулалы қосылыстар туралы болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет