120 ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ
Пайдасына келетін болсақ – пестицидтер астық түсімінің 18 – 20
%-ының сақталуына мүмкіндік береді. Бүгінде пестицидтерден
бас тартып, таза ауылшаруашылық өндірісіне (химиясыз) көшу
керек дейтін пікір орынсыз болады. Мұндай шара шағын ғана
жер телімінде, онда да адам еңбегі көп жұмсалатын аумақта ғана
пайдалы болмақ. Сондықтан дәл қазіргі уақытта адамзат
пестицидті қолданудан бас тарта алмайды.
Пестицидтерді қолдану мәселесіндегі тағы бір проблема – іс
жүзінде оларды қолданудың ғылыми негізделген ұсыныстары жиі
бұзылады, препаратты жұмсау нормалары, қолдану мерзімі мен
көрсеткіштері сақталмайды.
Қазіргі уақытта экономикасы жоғары дамыған елдерде
пестицидтердің бір тобы – гербицидтерді пайдалану деңгейі
жоғары болып отыр. Деректер бойынша, гербицидтердің сатылу
көлемі Францияда 104434, Италияда – 91686, Ұлыбританияда –
28746 тонна болса, Ресейде – 1996 жылы 17 мың тонна, ал
Қазақстанда – 17 – 25 мың тонна болған.
Достарыңызбен бөлісу: