тек құлаштап қана өлшеп, немесе қарыштап өлшегенді құлашқа, болмаса,
құлаштап өлшегеннен шыққан санды қарысқа айналдырып, бір өңкейлеп алып,
сонан кейін ғана неше құлаш екенін немесе неше қарыс екенін айтуға болады.
Қай нәрсені өлшегенде де, бір өңкейлеп алмай болмайды. Сөйлемде де
осылай. Сөйлемнің бірқатар мүшесін мағынасына қарай атап тұрып, енді
бірқатарын тұрақты-тұрақсыздығына қарай атаушылық – жаңағы қарыс пен
құлашты қосып жіберіп санаған сияқты болады. Осындай болмасын десек,
бастауыш пен баяндауышты мағынасына қарай топтап, айқындауыш деп атаған
жөн.
Қазақ тілінің бұрынғы грамматикаларында айқындауышты бірде үш топ
қылып, бірде екі топ қылып көрсететіндігін жоғарыда айтып едік. Олардың
таптастыруы неге дұрыс емес? Енді осыған келелік. А. Байтұрсынов бұларды тек
мағынасына қарай айырған. Онда да қазақ тілінің өзі тудырған мағыналары емес,
орыс тілінің мағынашыл грамматикасындағы жіктеулерді әкеліп, өлшемей-
шақтамай, қазақ тілінің мойнына қамытша кигізе салған. А. Байтұрсыновша
сөйлемнің басқа бір мүшесін анықтап тұрған сөзді анықтауыш дейміз; толықтап
тұрған сөзді толықтауыш дейміз, пысықтап тұрған сөзді пысықтауыш дейміз.
Міне, А. Байтұрсыновтың бар айтқаны осы ғана. Бұлардың әрқайсысының
формасында, басқа сөздермен қатынасуында қандай айырмашылық бар – оны А.
Байтұрсынов сөз қылмайды. Сондықтан әлгідей қылып түсіндіру – анықтап тұрған
болса – анықтауыщ, толықтап тұрған болса – толықтауыш, пысықтап тұрған болса –
пысықтауыш дейміз деп таптастыру «сиыр дегеніміз – сиыр» деп түсіндіргеніміз
сияқты жалаңаш тавтология болады. Шынында, анықтаудың пысықтаудан,
толықтаудан қандай айырмасы бар екенін А. Байтұрсыновтың өзі де түсіне алмаған.
Осының кесірінен «Тіл құралға» сүйенген мұғалімдер анықтауыш пен
пысықтауыштың, пысықтауыш пен толықтауыштың арасын аша алмаушы еді.
Өйткені, бір сөздің өзі бір мағынада, бір формада тұрып-ақ бірде анықтауыш болып
немесе бірде пысықтауыш, бірде толықтауыш болып саналушы еді. Мысалы
жақсы
деген сын есім мен
екі деген сан есімді алалық,
жақсы бала, екі бала деген
тіркестерде бұларды анықтауыш дейді. Ал
жақсы келдің,
екі келдің деген
тіркестерде сол жақсы мен
екі-нің өзін пысықтауыш дейді. Сонда анықтауыш
пысықтауыштың ара-арасын олар, өздері мағынасында деп біледі.
Сол мағынасының өзін-ақ қарастыралық.
Жақсы деген сөз бала деген сөздің
мағынасын айқындағанда, жақсы мағынасында болып,
келдің деген сөздің
мағынасын айқындағанда, жаман мағынасында болып тұра ма? Немесе,
екі деген
сөз,
бала деген сөзге қосылғанда, сан мағынасын беріп тұрып,
келдің деген сөзге
қосылғанда сан мағынасын бермей түс мағынасын беріп тұра ма? Болмаса,
екі
деген санның мағынасын бермей, басқа бір санның мағынасын беріп тұра ма? –
Жоқ, мұның екеуінде де
жақсының да,
екінің де мағыналары өзгерген жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: