Арифметикалық орта,сандық деректер қатарының құлаш,медианасы,модасы ұғымдарын біледі
Арифметикалық ортаны таба алады,құлашын,медианасын,модасын табады.
Саралап оқыту тапсырмалары
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру.
Бірлескен жұмыс (1 тапсырма) Бекіту тапсырмасын бере отырып, дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету.
Сәлеметсіздер ме? Біз сіздермен қашықтықтан оқытуды ары қарай жалғастырамыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш
Бүгінгі сабақта:
Сенің меңгеретінің:
арифметикалық орта, мода үйренесіз
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
Презентация
Слайд 1, 2
24 минут
Жаңа сабақ
а) Статистика - қоғам мен шаруашылық салаларының дамуындағы өзгерістер туралы мәліметтерді жинақтау, зерттеу және жариялаумен айналысатын ғылым; сандық есептеулер әдісі
СТАТИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Арифметикалық орта белгіленуі
Өзгеру құлашы белгіленуі R
Медиана Белгіленуі Ме
Мода белгіленуі Мо
b) Бірнеше санның арифметикалық ортасы ( ) деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.
2-мысал. Таңертең температура 10 градус болды, күндіз 18 градусқа дейін көтерілді, кешке қарай 9 градусқа түсті, түнде 3 градусты көрсетті. Тәулік бойғы орташа температураны тап.
Шешуі.
Алдымен тәуліктегі температуралардың жалпы қосындысын табамыз:
10+18+9+3 = 40
Сосын алынған қосындыны қосылғыштар санына бөлеміз:
40 : 4 = 10
Яғни, (10+18+9+3) : 4 = 10
немесе = = 10
Жауабы: 10 градус
Берілген қатарында ең көп қайталанатын сан немесе шаманы Мода деп атау қалыптасқан
Мысалы:5,4,5,5,2,5,3 қатарында мода 5 тең
Қайсы бір жағдайларда берілген шаманың модасы болмауы да мүмкін немесе бірден артық болуы да мүмкін
Мысалы:3;11;19;100 қатарында мода жоқ
22;30;31;22;59;61;30 қатарында мода 22 және 30 тең
Тапсырмалар. Сыныптағы бірнеше оқушының бойларын өлшегенде 150 см, 160 см, 145 см, 140 см, 138 см болды. Осы оқушылардың бойларының орташа ұзындығы қандай?
2)2) –12,5; 28,4; 7,5;
–9,2; 8,9; 7,5; 21,9 берілген қатардан арифметикалық ортаны және моданы табыңыз