Кешенді емтиханды сәтті тапсырған магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат беріледі


Элективті профильді пәндер блогы бойынша



бет12/23
Дата09.05.2022
өлшемі64,94 Kb.
#33520
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
2.3 Элективті профильді пәндер блогы бойынша

ЖБТ 2 «Қазақ тілінің когнитивті прагматикалық негіздері»

  1. Ғасырлар тоғысындағы лингвистика. Макролингвистика мен микролингвистика мәселелері. Тіл біліміндегі антропоөзектік зерттеу бағыттары.

  2. Лингвистиканы зерттеудің әдіснамалық теориясы. Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысаны мен әдіс-тәсілдері. Әлеуметтік лингвистиканың базалық ұғымдары.

  3. Тіл біліміндегі психолингвистикалық бағыт. Психолингвистиканы зерттеудің әдіс-тәсілдері мен эксперимент түрлері. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік зерттеу бағыты.

  4. Тіл мен таным сабақтастығы.Тіл біліміндегі лингвомәдениеттанымдық бағыт. Тіл біліміндегі этнолингвистикалық бағыт.

  5. Лингвопоэтика ғылымы, зерттелуі. Абай лингвопоэтикасының зерттелуі, бағыттар. Абай лингвопоэтикасының қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы маңызы.

  6. Сөз арқылы өрілген Абай поэтикасы. Абай сөзіндегі мән мен мағына. Астарлы сөз өрімдері. Поэтика және заман шындығы.

  7. Сөзбен өрілген қазақ өмірі. Абай және қоғам. Абай және дін. Абай өлеңіндегі когнитивтілік.

  8. Абай сөзіндегі концепциялық бағыттар. Абай өлеңдеріндегі мәтіндік құрылым. Абай поэтикасы: дәстүр және жаңашылдық.

  9. Қазақ тілінің этимологиясы және оның зерттелуі. Сөз басындағы сәйкестіктердің зерттелу тарихы Й архетипі туралы В.В. Радлов пен В.А. Богородицкийдің, Г.И. Рамстедт пен Ш.Х. Ақбаевтың пікірі. Й архетипі туралы жаңа ғылыми болжам. Қатаң дауысыздардың даму тарихы.

  10. Үнді дауысыздар мен ұяңдардың даму тарихы. Тарихи және осы заманғы сына дауыссыздар. Үнемдеу құбылысының лексика мен фонетикадағы көріністері.

  11. Түбір мен негіз. Бір буынды сөздер. Атау септігінің ежелгі грамматикалық формалары. Атау септік формасының тәуелдік және септік жалғауларына айналуы.

  12. Байырғы түбірлердің қосымшаларға айналуы. Түркі тілдеріндегі сіңісу, ығысу, жылысу құбылыстары. Сингармониялық варианттар мен паралельдер.

  13. Термин қалыптастыруға әсер етуші факторлар. Қазақ терминологиясының қалыптасу кезеңдері. ХХ ғ. басындағы қазақ терминологиясы.

  14. ХХ ғ. бас кезінде жарық көрген терминологиялық сөздіктер. «Қазақ» газеті және қазақ терминологиясы. «Айқап» журналы және терминология мәселесі. Қазақ терминологиясының кеңестік дәуірдегі терминденуі.

  15. Кеңес кезеңіндегі баспасөздің термин қалыптастырудағы рөлі. Қазіргі қазақ терминологиясының жайы. Қазіргі кездегі БАҚ-тың термин қалыптастырудағы рөлі.

  16. 30 томдық терминологиялық сөздік. Термин қалыптастыруда орын алған кемшіліктер. Мемлекеттік тіл және терминология.

  17. Лингвоэкологияның ғылыми-теориялық мәні, ғылыми – теориялық концепциялары дара сипаттары және зерттелуі. Сөз мәдениетіндегі рухани экологиялық саласының негізгі ғылыми – ақпараттық аппараты. Рухани экологиялық саласының өзекті мәселелері және оған ықпал еткен қоғамдық – факторлармен байланысы.

  18. Сөз экологиясының кейбір аспектіліері, сөз мәдениеті саласы мен арақатынасының ғылыми жіктелісі. Тілдік орта қоғамның әр түрлі саласындағы тілдік орта мәселесі. Сөз экологиясы мемлекеттік тіл саясаты.

  19. Тілдік импульс ықпал ететін қоғамдық факторлар. Сөйлеу және сөз экологиясындағы тілдік сана мәселесі. Рухани экология жеке тілдік тұлға.

  20. Мемлекеттік тіл саясатының өзегі – заңдарға лингвистикалық сараптама. Рухани экологияның болашағына лингвистикалық болжау. Тілдік факторлардың сөз экологиясындағы рөлі. Экстралингвистикалық факторлар және сөз экологиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет