Кешенді емтиханды сәтті тапсырған магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат беріледі



бет1/23
Дата09.05.2022
өлшемі64,94 Kb.
#33520
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

КІРІСПЕ

Кешенді емтихан академиялық күнтізбе мен мамандық бойынша оқу бағдарламаларында көрсетілген мерзімде, магистрлік диссертацияны қорғау алдында 1 ай бұрын өткізіледі.

Кешенді емтиханға магистратураның білім беру бағдарламаларының міндетті компонент циклындағы базалық және кәсіптік пәндері кіреді.

Кешенді емтиханды сәтті тапсырған магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат беріледі.

Қанағаттанарлықсыз баға алған магистранттар кешенді емтиханды келесі қорытынды аттестация кезінде ғана қайта тапсыра алады.

7М02313 – Қазақ филологиясы мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру бағдарламасы негізінде меңгеру қорытынды мемлекеттік аттестациямен (ҚМА) аяқталады. Ол кешенді емтихан тапсыру мен магистрлік диссертацияны қорғаудан тұрады. Магистратураның жұмыс оқу жоспары мен оқу бағдарламасы талаптарына сай білім беру үрдісін аяқтаған магистранттар қорытынды аттестацияға жіберіледі.

Кешенді емтихан академиялық күнтізбе мен мамандық бойынша оқу бағдарламаларында көрсетілген мерзімде, магистрлік диссертацияны қорғау алдында 1 ай бұрын өткізіледі.

Кешенді емтиханға магистратураның білім беру бағдарламаларының міндетті компонент циклындағы базалық және кәсіптік пәндері кіреді.

Кешенді емтиханды сәтті тапсырған магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат беріледі.

Қанағаттанарлықсыз баға алған магистранттар кешенді емтиханды келесі қорытынды аттестация кезінде ғана қайта тапсыра алады.

Емтихан жазбаша түрде өтеді. Кафедра мәжілісінде мақұлданып, факультеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген.

Кешенді емтихан бағдарламасына 7М02313 – Қазақ филологиясы мамандығының оқу жұмыс жоспары бойынша мемлекеттік міндетті және элективті пәндерінен тұрады: ғылым тарихы мен философиясы (2 кредит); педагогика (2 кредит); психология(2 кредит); қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үдерістер (3 кредит); тіл білімінің / әдебиеттанудың // қазақ, орыс тіл білімінің// қазақ әдебиеттануының жаңа бағыттары (3 кредит); филология мен әдебиеттанудың ортақ мәселелері (3 кредит), қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері (2 кредит), XXI ғасыр лингвистикасы: мәселелері мен әдістері (2 кредит); қазақ лексикасы дамуының этимологиялық негіздері (3 кредит), қазақ терминологиясының қалыптасу негіздері (3 кредит), мәтін талдаудың лингвистикалық аспектілері (3 кредит), газет лексикасы және қазақ медиа-мәтіннің прагматикасы (3 кредит), сөйлеу және рухани экология (3 кредит), Абай сөзінің лингвопоэтикасы (3 кредит).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет