Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»



бет31/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Байланысты:
педагогика

Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын таңдау. Тәрбие құралдары мен формаларын таңдастыру тәрбиеші алдында тұрған күрделі мәселе. Тәрбиелік іс - әрекеттің тиімді болуы осы мәселенің дұрыс шешіміне тәуелді.
Тәрбие жабдықтары мен формаларын таңдап, іріктеудегі басты мақсат – олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметтерінің толық іске асуы, оқушылардың рухани белсенділігіне дем беріп, ой – толғаныс әрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс заттарымен өзбетінше дербес қарым – қатынас жасауға жәрдем беруі.
Тәрбиелік істердің әрбір жекеленген жағдайларында өзіндік ерекшеліктерімен, қызығулары және мүмкіндіктерімен дараланған әртүрлі тәрбиеленушілер қатысады. Мұндай жұмыстарға араласқан ересектердің өздері де балалар сияқты қайталанбас сыр – сипатқа ие. Бұдан шығатын тұжырым – тәрбиелік жұмыстарда жоғарыдан берілетін көрсетпе – нұсқауларға таңылып не нақты ұжыммен байланысы жоқ сырттай біреулердің дайын сценарийлерін ойсз пайдалана, іс жүргізуге болмайды. Жұмыстар жалықтыратындай бір текті де болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тәжірибеде сыналып, тиімділігі сенімді тәрбиелік жұмыс формаларының кейбір идеалды не заттай элементтерін заман ыңғайы мен тәрбиеленушілер ерекшеліктеріне сәйкестендіре пайдаланған ойға қонымды. Мүмкін болғанша, іс – шара формаларының тәрбиеші мен балалар ұжымының өзара ықпалдастық қатынастары барысында туындағаны пайдалылау. Себебі, қалаулы істің орындалуы да қызықты.
Тәрбие формаларын іріктей отырып, дәл мезеттегі нақты тәрбие міндеттері мен тәрбиеленушілердің араласуымен орындалатын іс - әрекет түрлерін; тәрбиелік процестің ұйымдасу принциптерін, балалардың дайындығын, олардың қызығулары мен қажеттерін; материалдық қор мен сырттай шарт – жағдайларды, педагогтар және ата – аналар мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Тәрбиенің қай формасы болмасын, ол өзіне сай нақты іс - әрекет әдіс, тәсіл, жол – жобаларын пайдалануды қажет етеді және бұлардың бәрі сол әрекетке қатысушылармен бірлікте іске асқаны жөн.

33. Тұлғаның даму процесі.Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама
.Даму – адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəн- дене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.
Егер адам сана жəне өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-əрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дəреже даму барысында қалыптасады. “Адам” ұғымынан өзгеше “тұлға” түсінігі – адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан əлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде əрбір адам əлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы жəне ойластырылған тəрбие барысында қалыптасады. Əрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тəжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық жəне рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген жəне өмір мен тəрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт.
Адам дамуы – бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді жəне қарама-қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тəн-дене болмысы мен рухани дүниесі, əсіресе, балалық жəне жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларға кезігеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменннен жоғарыға бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес., бұл процестің өзіне тəн ерекшелігі – сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық жəне рухани сапалық қасиеттеріне диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы. Сонымен, адамның дамуы сандық жəне сапалық өзгерістердің желісі мен нəтижесі. Даму барысында адам тұлғаға айналып, сана мен өзіндік сана, дербес жаңғыртушы іс-əрекет иесі болып жетіледі. Дамудың қозғаушы күші-қарама-қарсылықтар күресі. Адамның дамуы ішкі жəне сыртқы жағдайлармен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет