29. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері. Патриоттық және азаматтық тәрбие Оқыту принциптері
Оқыту заңдылықтары
Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
1. Қоғам талабы оқытудық мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.
2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іс-керлік, дағды деңгейіне сүйену керек.
4. Дидактика заңдылықтарының ерекшелігі - оқыту процесінің бөліктері - оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты төуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез кел-ген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.
5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.
2. Принциптер мен ережелер туралы ұғым. принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу отбасынан басталады. Бүлдіршін өз отбасының да тарихын білу керек. Бала өз отбасын мақтан тұтса, өзін де сыйлай бастайды, жоғары бағалайды. Сондықтан бүлдіршіндерді туған өлкесімен таныстыруда ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату өте қажет. Ата –аналарға демалыс, мерекелік күндері баламен бірге уақыт өткізіп, табиғат аясына серуенге шығып, өлкенің белгілі орындарымен таныстыру міндеті жүктеледі. Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-өлеңдер жаттату, әңгімелеу арқылы бала бойына елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктері қалыптасады. Сондай-ақ балалармен тақырыптық сабақтар өткізіледі. Еліміздің төл мерекелерін ертеңгіліктер өткізу арқылы тойлауға ата–аналар белсене қатысып, өз үлестерін қосады.16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні мерекесінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы мен жетістіктері, Астана туралы бейне фильмдер көрсетіліп, ертеңгілік, сурет көрмесі ұйымдастырылады. 1 желтоқсан –Бірінші Президент күні мерекесінде елбасына құрмет көрсету, оның жасаған еңбектерін атап, ұлттық сезімін ояту мақсатында бейне фильм көрсетіліп әңгіме сабақтары өткізіледі.
«Балдырған» түлғаны дамыту орталығында азаматтық –патриоттық тәрбиелеу келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
-рухани-адамгершілік,
-әлеуметтік,
-эстетикалық,
-өлкетану,
-еңбек,
-интеллектуалдық,
-отбасылармен бірге жұмыс істеу.
Осыған орай келесі міндеттер орындалады:
2 / 4
-балаларды өз отбасын, балабақшаны, көшені ,қаланы сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу;
-балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру (елтаңба,ту,әнұран);
-елінің,халқының,қаласының жетістіктерін мақтан тұту,жауапкершілік сезімін дамыту;
-басқа ұлт өкілдерін сыйлау,олардың дәстүрлерін дәріптеу сезімін қалыптастыру;
-еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу;
-ұлттық қолөнер шеберлігін білуге қызығушылықты қалыптастыру;
-адам құқықтары жөніндегі алғашқы білімдерін кеңейту;
-Қазақстанның қалалары туралы білімдерін тереңдету.
30. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың ерекшелігі. Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және мақсатты түрде жүргізілетін педагогикалық үдеріс.
Oқыту үшін бaғaлaу – бұл білім aлушылaр өздерінің оқудың қай деңгейде тұрғaнын, қандай бaғытта дaму керек және қажетті деңгейге қaлaй жету керек екендігін aнықтaу үшін оқушылaр мен олaрдың мұғaлімдері қoлдaнaтын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі (МАН, 106).
Формaтивті бaғaлay– оқудa aлғa қaдaм бaсy және oғaн қолдay көрсетy үшiн қaжет. Формaтивті бaғaлaуды пaйдaлaнa отырып оқу процесін aнaғұрлым жaқсaртуғa болатынын байқадым. Өйткені жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткендей бағалаудың көмегімен оқуды жақсартудың мынадай факторлары байқалған екен;
- Oқyшылaрмен тиiмдi керi бaйлaнысты қaмтaмaсыз етy;
- Өзiндiк оқуғa оқyшының белсендi қaтысyы, оқyшының өзiн-өзi бaғaлaй aлyы;
- Бaғaлay нәтижелерiн ескере oтырып оқытyды түрлендiрy;
- Өз бетiмен өзiн өзі бaғaлayды жүзеге aсырy;
- Бір-бірін бағалау aрқылы бiрге оқитын оқyшылaрмен бiрлесіп жұмыс iстеy дaғдысын қaлыптaстырy.