Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді анық түсуну саналы оқытудың шарты боларын назарға алу.
Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән – мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету.
Әр бір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін оқушыларды білімі мен тәжірибесін негізге алу.
Оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратындай тиімді әдістерді үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді қоғам мүшесі екенін ұмытпау.
Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшін әлі бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгілі ақпаратпен ұштастыра білу.
Өз бетімен оқытуды үйрету, таным әрекетінің әдістері мен таныстыру.
Бас және қосалқы материалын ажыратуды үйрету, назарларына негізгі ойларды алу.
Оқушыларды ойлауға үйретіп, «неге» сұрағын жиі қоюға дағдыландыру.
Оқушы білімдерін тәжірибеде қолдануына көмектесу.