Антимонополиялық орган басым жағдайға ие субъектілердің құрылу, қайта құрылу, таратылу процестерін бақылайды. Бұл әрекеттерді тұлғалар Антимонополиялық органның жазбаша келісімін алып жүргізуі тиіс. Мұндай процесс кезінде монополиялық заң бұзушылықтар орын алса, антимонополиялық орган олардың алдын алып, бәсекелестікті қылпына келтіру талаптарын қояды. Талаптар бұзылса антимонополиялық орган сотқа талап-арыз бере алады.
Үстем жағдайға ие субъект антимонополиялық заңдарды 1 жыл ішінде екі реттен артық бұзса, анитмонополиялық орган сотқа арыз беріп ол субъектіні мәжбүрлі түрде бөлуді (бөліп шығаруды) талап ете алады. Ол үшін субъектіні солай бөлу технологиялық, құрылымдық жағынан мүмкін болуы қажет.
Мемлекеттік органдар мен рынок субъектілеріне монополиялық қызметі үшін төмендегідей міндетті талаптар қойылуы мүмкін:
Антимонополиялық органның талаптарын орындамаған рынок субъектілері айыппұл төлейді, ал мемлекеттік қызметшілер мен рынок субъектілерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.