Кәсіпкерлік қатынастарды монополияға қарсы реттеу. Тексерген: Асқарбекқызы Айнур



бет3/3
Дата17.04.2023
өлшемі11,37 Kb.
#83407
1   2   3

Антимонополиялық орган басым жағдайға ие субъектілердің құрылу, қайта құрылу, таратылу процестерін бақылайды. Бұл әрекеттерді тұлғалар Антимонополиялық органның жазбаша келісімін алып жүргізуі тиіс. Мұндай процесс кезінде монополиялық заң бұзушылықтар орын алса, антимонополиялық орган олардың алдын алып, бәсекелестікті қылпына келтіру талаптарын қояды. Талаптар бұзылса антимонополиялық орган сотқа талап-арыз бере алады.

Үстем жағдайға ие субъект антимонополиялық заңдарды 1 жыл ішінде екі реттен артық бұзса, анитмонополиялық орган сотқа арыз беріп ол субъектіні мәжбүрлі түрде бөлуді (бөліп шығаруды) талап ете алады. Ол үшін субъектіні солай бөлу технологиялық, құрылымдық жағынан мүмкін болуы қажет.

Мемлекеттік органдар мен рынок субъектілеріне монополиялық қызметі үшін төмендегідей міндетті талаптар қойылуы мүмкін:


  • антимонополиялық органның шешімін орындау;

  • заң бұзушылықты тоқтатып, салдарын жою;

  • заң бұзушылыққа дейін болған жағдайды қалпына келтіру;

  • антимонополиялық заңға қайшы актілердің күшін жою;

  • шартты бұзу немесе өзгерту;

  • басқа субъектімен шартқа тұру;

  • бөліну, бөліп шығару арқылы қайта құру т.б.

      Антимонополиялық органның талаптарын орындамаған рынок субъектілері айыппұл төлейді, ал мемлекеттік қызметшілер мен рынок субъектілерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.



http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет