Кәсіпшіліктен алынатын табиғи газда бөтен кірмелер қатты бөлшектер



бет5/7
Дата06.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#11518
1   2   3   4   5   6   7
1.4 Газ тарату желілерін пайдалану
Газ құбырлары мен жабдықтарының істен шығып қалуын алдын алу, тез арада анықтап, дер кезінде жӛндеу пайдалану қызметіндегілердің міндеті. Бұл қызметтегілер жер астымен жүргізілген құбырларды пайдалану үшін мынадай жұмыстарды орындаулары қажет:

- жаңадан жүргізілген газ құбырларын пайдалануға қабылдап алу;

- жаңадан орындалған құбырларды бұрынғы құбырларға қосу;

- жаңа газ құбырларын іске қосу;

- газ құбырлары мен тетіктерді қадағалау;

- қажетті және күрделі жӛндеу жұмыстарын жүргізу;

- қысымды қадағалау;

- тоттанудан сақтау.

Газ құбырларын қабылдау кезінде мұқият қарап, пісіріліп жалғанған жерлер мен тоттанудан сақтағыш шаралар сапасын тексеру қажет. Дайын болған газ құбырларын кӛмбей тұрып қарап, кемшіліктерін шығару керек. Міндетті түрде құбырлардың жүргізілу тереңдігі, кеңістігі, қойылған тіреуіштері, тетіктердің жұмысы тексеріледі. Егерде тексерген кезде ешқандай кемшіліктер болмаса, онда газ құбырларын жоғарғы қысымдағы ауамен сынауға кіріседі

Сынау алдында құбырларды тазалау үшін ауамен түгелдей үрлеп алады. Газ құбырларын сынау екі кезеңнен тұрады. Біріншісі жалғану беріктігін, ал екіншісі жалпы жұмысын сынау. Сынаудың бірінші кезеңі құбырларды 20-25 см-ге топырақпен кӛміп, жалғану орындарын ашық қалдырып жүргізеді. Қажетті қысымнан сәл жоғарғы деңгейде құбырларды 3 сағат бойы сынайды да, онан әрі қысымды қажетті деңгейге дейін тӛмендетіп, сынау нәтижесін тексереді. Кемшіліктерді газ құбырындағы қысымды жою үшін атмосфералық деңгейге дейін тӛмендетеді.

Екінші кезең құбырлар жобаға сәйкес кӛміліп болған соң басталады. Сынау құбырдағы ауа мен топырақ температуралары теңескен соң жүргізіледі. Сынау ұзақтығы газ қысымына, құбырлар диаметріне байланысты 3-тен 48 сағатқа дейін созылады. Газ қысымының сынау барысындағы жұмсалуы мынадай ӛрнекпен анықталған дәрежеден асып кетпеуі керек:

мұндағы қысым жұмсалуы, кПа; d1, d2 – газ құбырларының ішкі диаметрі, мм; l1, l2 – газ құбырларының ұзындықтары, м; Т – сынау ұзақтығы, сағ.

үй ішіндегі құбырлар да екі кезеңге сыналады. Бірінші кезенде сынау қысымының мӛлшері 0,1 МПа болса, екінші кезеңде 5 кПа. Құбырдағы ауа мен бӛлмедегі ауа температурасы теңесу үшін сынауға үш сағат ӛткеннен кейін ғана кірісу керек. Егерде екінші кезең сынауына 5 минут бойы жұмсалған қысым мӛлшері 200 Па- дан асып кетпесе, онда құбырлар сынақтан ӛтті деп есептеледі.

Жаңадан салынған газ құбырларын іске қосу.

Бұл жұмыс ӛте жауапты болғандықтан, оны жақсы дайындықтан ӛткен арнайы топ жүргізеді. Жаңа құбырларды газ ӛтіп жатқан құбырларға газды тоқтатпай-ақ жалғауға болады. Ол үшін газ қысымы 200-1200 Па аралығында болуы қажет.

Қысым бұл мӛлшерден тӛмен болған жағдайда ауаның құбырларға ену қаупі, онан жоғары мӛлшерде шарпыған жалынды ӛшіру қиындығына әкеліп соғады. Газ аспаптарының бір қалыпта жұмыс атқаруы газ қысымының мӛлшері мен тұрақтылығына байланысты.




Жалпы тұрғын үйдің ауданы, м2

145

Биіктігі, м

2.75

Тұрғындар саны

5

Қондырғылар

  1. Газ плитасы

  2. Газды жинақтайтын қондырғы

  3. Счетчик

Тұрғын үй қорын газбен жабдықтау схемасы. [Қосымша 3, 1-схема]

Тұрғын үйді газбен қамтасасыз ету. [Қосымша 3, 2- сурет]

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМІ


2.1 Тұрғын үйдегі газ шығынын анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет