Анықтау құралдары – жеке заттардың қасиеттерін немесе физикалық шамалардың барын айқындау үшін арналған стандартты заттар немесе техникалық құралдар. Өлшеу құралдарынан айырмасы, білу құралдары өлшенетін шамалардың шын мәндерін анықтауға қызмет ете алмайды. Мысалы, токты көрсеткіш, лакмусты немесе корсеткіш қағаз және басқалар.
Ұйымдастыру техникасы. Ұйымдастыру техникасына байланыс құралдары (телефондар, телефакстер, телеграфтар, почта байланысы); көбейткіш құалдар; санау-есептеу техникасы; компьютерлер, сол сияқты кеңсе тауарлары, құжаттарды өңдеу және сақтау құралдары жатады.
Сараптаманың жіктеу әдістемесі
Органолептикалық әдістер – сапа көрсеткіштерінің мәндерін сезім мүшелерінің көмегімен анықтау әдістері.
Сапа бойынша қабылдау сараптамасын жүргізу тәртібі:
Сараптауды жүргізу алдында барлық қажетті нормативтік құжаттармен танысу орынды. Олар: нақты өнімнің түрлеріне, бумаларына, маркіленуіне және сынау әдістеріне стандарттар немесе техникалық шарттар (ТШ).
Сараптау жүргізген кезде қабылданатын тауарлардың сапасын әрекеттегі стандарттардың, ТШ-ның, келісімдердің талаптарына сәйкестігін анықтау қажет. Қажет болғанда қабылданатын тауарлар үлгілермен және эталондармен салыстыру жолымен бағаланады.
Сапаны анықтау үшін, өлшемі стандарттармен және ТШ-мен бекітілген нормаға сәйкес, одан кем емес бірлескен сынама немесе талғама алынады.
Әтүрлі сатылы сападағы тауарлары бар, тауарлық партия әртекті болғанда, сарапшы әрбір қоспаның пайыздық мөлшерін анықтауы керек.
Сарапшы сапа сәйкестігі болмау себебін анықтағанда, ыдыстың және буып-түю материалдарының күйін актіде көрсетуі керек. Егерде тауарлық партияның бүтіндігі бұзылса, иесізденген тауар көрсетілсе, сонымен бірге ашылған немесе тауарлық-жолдама құжаты жоқ болса қабылдау сараптамасын сарапшы жүргізбеуі керек.
Ветеринарлық-санитарлық сараптама ауылшаруашылық шикізаттары және шыққан тегі жануар тамақтық өнімдер үшін қолданылады. Бұл сараптаудың мақсаты – тұтұнушылардың қауіпсіздігін, адам және жануар үшін бірдей, ауруларды жұқтыруды болдырмауды қамтамасыз ету.
Ветеринарлық-санитарлық сараптама нысандары азық-түлік, тері, жүн, және басқа шикізаттар, сол сияқты жануар текті тамақ өнімдері болады.
Ветеринарлық-санитарлық сараптама субъектілері. ҚР «Ветеринария туралы» заңына сәйкес ветеринарлық қызметпен бұл салада жоғары және орташа білімі бар мамандардың айналысуына құқығы бар.
Ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізетін сарапшыларға теңдей түрде қатысы бар. Мұндай сарапшы ретінде ветеринарлық-санитарлық қызметтің жұмысшылары сарапшы ретінде бола алады.
ҚР мемелекеттік ветеринарлық қызметі мал өнімдерін ветеринарлықсанитарлық сараптауды жүргізеді, және елді аурудан сақтау бағытындағы басқа арнайы шараларды, ветеринарлық тұрғыда қауіпті мал өнімдерін пайдаланғанда болатын адамға және жануарға жалпы тамақтық улануды болдырмауды іске асырады.
Ветеринария Департаментінің жетекшісі ҚР мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы, ал өңірлік ветериналық басқармалардың жетекшілері – сәйкес өңірлердің мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторлар болады.
Мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бөлімшелері мал өнімдерін өңдеу және сақтау бойынша кәсіпорындарда құрылады.
Ветеринарлық-санитарлық сараптаманың нормативтік базасы ветеринарлық талаптарды орнықтыратын, малшаруашылығын жүргізгенде, оларды ұстағанда, сақтау өндірісінде, тасымалдауда және мал шаруашылығының өнімдерін өткізуде орындалуға міндетті стандарттардың жиынтығы, ТШ, ережелер, нұсқаулар.
Ветеринарлық-санитарлық сараптаманың ақпараттық қамсыздандыру ветеринарлық сертификаттардың көмегімен ғана емес, етті ветеринарлық және тауартанулық маркілеумен де жүргізіледі.
Ветеринарлық-санитарлық сараптаманың құқықтық базасын ҚР «Ветеринария туралы» заңы және соның негізінде жасалған заңдылық актілер құрайды. ҚР ветеринарлық заңдары жануарларды, адам және жануарлар үшін аурудан сақтау, қауіпсіз малшаруашылығының өнімдерін шығару, елді аурулардан қорғау саласындағы қатынастарды реттейді.
Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау – ҚР мемлекеттік ветеринарлық қызмет ұйымдарының және мекемелердің басқару органдарының қызметі. Ол жануарларды сақтандыруға және ветеринарлық тұрғыдан мал өнімдерін ескерту, анықтау және ҚР ветеринарлық заңдарын бұзуды тыю жолымен кауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ведомстволық ветеринарлық-санитарлық қадағалау ҚР мемлекеттік бас ветеринарлық инспекторының келісуі бойынша ветеринарлық заңдарға сәйкес, министрліктермен бекітілген, әрекеттегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау туралы ережелер бойынша сәйкесетін қызметтермен іске асырылады.