Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс



бет18/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Бейбарыс пен ассасиндер.

Аюбидтер билігінен бұрын Мысырда жүз жыл үстемдік құрған фатамиттер мемлекетінің іс жүзінде исмаилиттер билігі болғандығы белгілі. Ал исмаилизм өз кезегінде шиизмнің бір тармағы болып табылады. Кейде олар батиниттер деп те аталады. “Белгілі зат айқын, жасырын зат тылсым болып тұрғанда жер беті имамнан ада болмайды” деген принципті ұстанған олардың мемлекеті имамды және оның ұрпақтарын ерекшелеу, ардақтау идеясының негізінде құрылды. Тарихқа ассасиндер хашишшілер деген атпен енген исмаилиттердің бір ерекшеліктері олар өздерінің мақсаттарына жетуде қарсыластарын өлтіруді саяси құрал ретінде қолданады. Бұл атау олардың есірткіге құмарлығына қарай берілген. Олар есірткінің күшімен елітіп, жанатты көз алдарына елестеттетін болған. Олардың тасы өрге домалап тұрған кезде Батыс пен Шығыс әміршілері олардан қатты сескенетін болған. Қазіргі ағылшын тілінде assasіn –адамды саяси мақсатта өлтіруші деген мағынаны береді.

Бейбарыс тұсында ассасиндер Хулагу ханның соққысынан Ирандағы негізгі берік қамалдарынан айрылғанымен, әлі де болса мәмлүк әмірлеріне мойынсұна қойғысы келмейді. Қалай ұстасаң да қолды кесетін ұстара секілді бұл жоғары ұйымдасқан ассасиндерді 1273 жылы Бейбарыс асқан шеберлікпен, қантөгіссіз тізгіндеп Мысырға көшіреді де оларды сахнадан біржолата шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет