Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс



бет15/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Қару-жарақтары. Мәмлүктер қару-жарақ шығару ісіне ерекше мән берді. Оның үстіне кресшілер мен моңғолдармен болып жатқан үздіксіз соғыстар мәмлүктердің қару істеу ісінде үлкен жетістіктерге жетулеріне себеп болды. Қару-жарақ Каирда ұстаханаларда жасалып, қамалдың ішіндегі силаххана - қару-жарақ қоймаларында сақталған. Сұлтан атабегі қару-жарақ қоймасы меңгерушісі болған.

Мәмлүктердің қару-жарақтары жергілікті қару түрлерімен салыстырғанда таңсық түрлерін әкелді. Нымша деп аталатын қайқы қанжар, табар деп аталатын айбалта, неше түрлі қылыш түрлері, темір түсті шоқпар т.б. қарулардың қыпшақтар бұл жерлерге белгісіз түрлерін әкелді. Мәмлүктердің тас ататын қондырғылары манжаниқ деп аталған. Мәмлүктер жауларын қамалдың ішінде тұншықтыру үшін химиялық қару түрлерін де қолданған. Олар тас лақтыратын қондырғымен жаудың үстіне шоқ, апиын, у да шашатын болған. Әсіресе, мәмлүктер жаудың үстіне жанған мұнай шашуға шебер болатын. Олар жанған мұнайды садақпен да ататын.

Көне құжаттар оқ дәрі (порох), зеңбіректі алғаш ойлап тапқандар қытайлықтар емес, түркілер – мәмлүк қыпшақтар екендігіне негіз береді. Мұсылман тарихышлар қытайды жаулап алған моңғолдар қыпшақтарға қарсы оқ дәрі қолданбаған болса, керісінше қыпшақтар 1342 жылы Иран елхандарының әскеріне қарсы шайқаста қолданғанын жазып қалдырады. Олардың еңбектерінде мәмлүк қыпшақтардың мылтықты алғаш рет жасап, соғыста пайдаланғаны туралы айнымас фактілер бар.

Мәмлүктер шайқасқа бастарына теріден немесе темірден жасалған дулыға киіп, қолдарына темір немесе теріден қапталған ағаш қалқан ұстап кіретін. Үстеріне сауыттың кеудені, бүкіл денені жабатын түрлерін киген.

Мәмлүк қару-жарақтарының даналары әлі күнге дейін әлем мұражайларынан орын алған.

Қатардағы мәмлүктер киім үлгісінен сәлдесіз тақия, үстіне балбек мақтасынан тігілген көйлек, оның сыртынан үнді матасынан тігілген жұқа шапан және тобыққа дейін түсетін жібектен тігілген. Ақ, көк не қызыл қаба шапан киіп, одан кейін ұзын жең қалың шапан киіп, белдерін мақтадан жасаған белбеумен таңып жүретін болған. Оң жамбасына салбыратып, сулық деп аталатын үлкен қоржын іледі. Ибн Йиас мәмлүктер белбеулеріне ағаш қасық, үлкен пышақ, сулық орамал және т.б. көп нәрселерді іледі деп көрсетіп, сол кездегі көшпенділердің қазақтың кісесіне ұқсас белбеуді суреттейді.

Әмірлер көйлектің үстінен етегі қысқа, жеңі шолақ қос шапан киеді. Әмірлердің жазда ақ, қыста түрлі-түсті киім киетін әдеті болған. Дәулетті көшпендінің байлығы кемер белбеуінен көрінеді. Әмірлер гауһар тастармен безендірілген алтын немесе күміс белбеу тағатын.

Сұлтандар ерекше жасанып киінетін. Олар бір киген киімдерін екінші рет кимейтін. Кешегі киімдерін әмірлерінің иығына жабатын әдеттері болған. Сұлтанның хатшысы Ибн Абдузаһир Бейбарыс туралы “… Сұлтан келесі бір шатырға кіріп, киініп шықты. Келбеті қараңғы түнде жалт етіп шыққан айдай. Басында алтын жіппен зерделенген қара сәлде. Үстінде алтын жағалы көк сия сауыт. Бір қылыш беліне байлаған, қалғандарын артында қарушылар көтеріп келе жатыр. Сұлтанның алдына мойнында қара өмілдірігі бар, үстіне қара тоқым жабылған сұр ат тартылды. Сұлтан әмірлерді бір-бірлеп шақырып алып, оларға мол сый-сияпат көрсетті…” – деп жазады[9].

Мәмлүктердің соғыс өнері. Мәмлүктер соғыс ісінде тактика мәселесіне ерекше мән берген. Шайқас алдында сұлтанның басшылығымен, әскер атабегі, халифа, ислам діні төрт мәзһабының қазылары, жалпы саны жиырма төртке жететін жүзбасы әмірлердің қатысуымен әскери кеңес өткізілетін тәртіп қолданылған. Кеңестің мақсаты – шайқас алдында мемлекеттің тағдырына жауапты тұлғалардың көзқарасын білу болса, екінші жағынан соғыс жариялауды не шайқасқа кірудің заңды негіздерін жасау үшін керек болатын. Кеңес нәтижесі бойынша сұлтан мобилизация жариялап, сұлтан иеліктерінің әр жерінде орналасқан әскери бөлімдерді шайқас болар бағытта қажетті жерде концентарция жасайды. Әскерді жорыққа шығару, дислокацияға қажетті орынды таңдау, шайқас, шабуыл, қорғаныс барысында өзара қимылды үйлестіруге ерекше мән берілетін болған.

Қолбасшы мәмлүктердің түсінігі бойынша діні қатты, жаужүрек, ақылы кемелденген, батыл да сақ, табанды, соғыс ісін жетік білетін, оның әртүрлі жақтарын - әскери айла-құлықты іс жүзінде қолдана білетін ірі әмірлердің бірі болуы шарт. Жорық не шайқас алдында сұлтан өзінің барлық әмірлерімен жеке-жеке кездесіп, олардың хал-жағдайы, жер иеліктерінің түсімі, әскери шеберлігі мен білімі туралы хабардар болып отырады. Осыдан біз мәмлүктердің жеке адамның қасиетін жоғары бағалап, оның қысылтаяң кездерде шешуші рөл атқаратынына үлкен мән бергенін көреміз. Сондықтан мәмлүк иерархиялық баспалдағында көкірегі ояу, көзі ашық, белсенді мәмлүктер тез өсетін болған. Оның себебі мәмлүктер әрбір адамның өзі лайықты, өзі жарамды орында болуы керектігіне қалтқысыз сенген.

Қолбасшының діншілдігі, тақуалығы қарамағындағы жауынгерлерге үлгі болатындай дәрежеде болу керек деп саналған. Қолбасшы киімі, мінез-құлқы, жүріс-тұрысына қатты көңіл аударуы қажет деп саналатын.

Бейбарыс әскерінде темірдей тәртіп болған. тарихшылар еңбегінде Бейбарыс Шам жорығында түйешілерді егістікке мал жайғаны үшін мұрындарын кесіп тастауға бұйрық береді.

Мәмлүк әскерінің алдында сұлтанның барлау қызметінің жансыздары жүріп отыратын. Мәмлүк әскері жорыққа шыққанда оған имамдар, қарилер, уағызшылар, сопылар еріп шығып, дін жолында шейіт болғандардың рухы жаннаттан орын алатынын айтып жауынгерлерді жігерлендіретін. Дін өкілдерінен ойын-сауықшылар да қалыспайтын. Музыканттар, бишілер мен әншілер мәмлүк әскерінің көңіл-күйін көтеруден бір жалықпайтын. Темір ұсталары, ағаш шеберлері, тас қалаушы құрылысшылар, мәмлүктердің қару тасушылары, ат күтушілері, аспаздар, т.б. қызмет көрсетушілер мәмлүк әскерінің ажырамас бөлігі болған. Мәмлүк көшпелі госпитальында дәрігерлер мен хирургтар ауырғандарға сол заманның дамыған медициналық көмегін беретін.

Әрібр мәмлүк жорыққа екі ат мініп шығатын. Одан бөлек әр мәмлүктің кем дегенде бір түйесі оның жеке заттарын таситын. Ғұламдар деп аталған жас балалар мәмлүктердің атқосшылары рөлін атқарған. Әскердің көлік пен азық-түлікке деген қажетін өтеу үшін жасақ соңынан арнайы мал аудаушылар мыңдаған түйе, қашар, пілдер, сиыр, қой айдап отырған.

Әскер жорық кезінде қажет болатын баспанамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілетін болған. Олар джух деп аталатын болған. Олардың ең үлкені – сұлтанның шатыры “отақ” деп аталады. Әскер ыстықта шатырлармен қатар қыс айларында суықтан паналау үшін киіз үйлермен жабылатын арнайы түрде жасалған ағаш үйлерді “хараке” деп атаған.

Әл-Мақризи Бейбарыс әскері туралы “әскерінің саны 12 мың болатын, оның үштен бірі Шамда және үшінші бөлігі Алеппо қаласында қыстауда тұратын. Бұл әскер жеке әскер болатын. Егер жорыққа шығатын болса “шығар әскер” деп аталатын тағы төрт мың қол қосылатын болған. Егер сұлтан қажетсінсе тағы да бір-екі төрт мыңдық тұрақты әскері, 12 мыңдық ықтият (резерв) жасағы болған.

Мәмлүктер туа біткен шабандықтар болғандықтан шайқас кезінде лап қою, кенеттен шегініп кету, қылыш, найза, әсіресе шоқпарды ерекше шебер қолданғанын, өзеннен өткенде торсықтарды аттың сауырына байлап ауыр қару жарақтарымен терең және үлкен өзеннен оңай өтетіндігін тарихшылар таңқала жазады.

Қажет жағдайда мәмлүктер ит, түлкі басқа аңдардың құйрықтарына шала байлап даланы өртке орап, әскери қулыққа бару, керек болса түн ішінде шегініп кету немесе бітім сұрау секілді соғыс тәсілдерін қолданатын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет