Бейбарыс сұлтанның ерлігі



Дата09.05.2023
өлшемі21,12 Kb.
#91149

Бейбарыс сұлтанның ерлігі


1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме! Ұстаздар мен құрметті оқушылар, бүгінгі Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына өткізіліп отырған іс-шарамызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Бейбарыс – ислам әлемін кірескерлердің шабуылынан және моңғол шапқыншылығынан құтқарған тұлға. Ол қарапайым құлдан, мемлекет билеушісіне дейін көтеріле алған.
1-жүргізуші: Тарихи деректерге сәйкес, Бейбарыстың руы – қыпшақ, ол қазіргі Атырау облысының аумағында туылған. ХІІІ ғасырдың 40-шы жылдарында, Дешті-Қыпшақ мемлекетіне моңғол әскері шабуыл жасап, болашақ сұлтан тұтқынға алынды.

2-жүргізуші: Бұл заман – құл саудасының өркендеген кезеңі еді. Әлемде көшпенділерден артық шабандоздар жоқ екені барлығына белгілі болғандықтан, жас қыпшақтар құлдыққа сатылып, әскери дайындығын жақсарту үшін Ніл өзенінің ортасындағы аралға жіберіліп отырған.


1-жүргізуші: Мысыр билеушілері, мемлекетті жаулардан қорғау үшін жергілікті халықты емес, көшпелі түркі жастарын қолданған. Арабтар оларды – «мәмлүктер» деп атаған. Бейбарыс өзін мықты сарбаз және қабілетті стратег ретінде көрсетіп, көп ұзамай, Мысыр сұлтанының жеке гвардиясының қолбасшысы етіп тағайындалды.


2-жүргізуші: Өзінің алғашқы әскери табысына, кірескерлер жорығы кезінде жетті. Ол 1250 жылы Франция королі Луи IX-дың әскерін талқандап, корольді тұтқынға алған. Бұл шайқастан соң, мәмлүктердің күші және беделі өскенімен, олар бұнымен қанағаттанғысы келмеді. Сол себепті, Бейбарыстың басшылығымен сарай төңкерісі жасалып, мемлекет билеушісі Тұран шах өлітірді. Алайда, мәмлүктер бұл жолы билік басына келе алмай, Сирияға қоныс аударуға мәжбүр болды.

1-жүргізуші: Ұрыс аяқталып, Сирияға қайтып келе жатқанда, Кутуз сұлтан өлтіріліп, Бейбарыс билікті өз қолына алды дей келе ендігі кезекте оқушыларымыздың Бейбарыс сұлтанға арналған өлең шумақтарына кезек берейік.

1-оқушы: Туған елден жатқаныңмен тым алыс,


Өзің жәйлі тоқтамаған ой ағыс.
Кең әлемге Қыпшақ атын шығарған,
Египетте сұлтан болған Бейбарыс.

2-оқушы: Озбырларға жіберместен есеңді,


Жамау үшін өз нәсібең кесеңді,
Қайсарлықпен үзіп құлдық кісенді.
Жетімдіктен қара мұзды кешсеңде,
Жыға білдің жоқтық атты кеселді.


3-оқушы: Өзге елде болғанменен тұрағың,
Боз жусанын төріңе іліп даламның.
Тұмар қылып топырағын бір уыс,
Исін жұттың ел қорғаған бабаңның.

4-оқушы: Еске түсіп әлдилеген өз елің,
Өртенгенде сағыныштан өзегің.
Көкелеген дауыс жетіп құлаққа,
Мұң шеріңді ақ маржанмен жүздірдің.


5-оқушы: Бес жасыңда кімдер сатты құлдыққа,
Таспа тілген тағдырыңды сезген кім?!
Желдей айдап мекен қылып тұраққа,
Жүргеннен соң дәм бұйырып жырақта,
Сездірместен жан азабын ешкімге.

6-оқушы: Намысыңды армен байлап қанатқа.


Мұқалмастан қайсар қайрат жігерің,
Төзе біліп өмір күрес сынақта.
Ерлігіңмен елдің жүгін көтеріп,
Айналғансың алаулаған шыраққа!


7-оқушы: Айнымастан берік ұстап антыңды,
Құл болмасқа қорғай біліп халқыңды.
Еркін күшпен жасай білдің мол жасақ,
Әділдіктен жоғалтпастан парқыңды.


8-жүргізуші: Ел күйзелтіп жанын улап есеппен,
Жемқорлығын асыра алған есектен.
Арсыздарды ар сотымен бұғаулап,
Тұрғызбадың кәпірленген төсектен.
9-жүргізуші: Елдік құрдың еркіндікті ту қылып,
Ізгі ісіңнен рақат тапты жұртшылық.
Кең әлемге дана Сұлтан атандың,
Ізгіліктен шуақ төгіп құт іліп.


10-оқушы: Келер ұрпақ сусындауға білімнен,
Ғалымдарға орын беріп төріңнен.
Қастерледің қасиетті Құранды,
Жатқа соғып имандықтың өрінен!
11-оқушы: Сағынғанда туған елді хат жаздың,
Берке ханға ұлы Түркі тілімен.
Пейіш деген құшағы ғой даламның,
Арман барма сонда туып көмілген.


12-оқушы: Мұңды ойыңды өзегіңді өртеген,
Іштен оқып ол уақытта кім білген.
Тағдырымыз жазулы ғой Тәңірден!
Иманыңмен ақылыңды жоғалтпай ,
Үлесіңді ала білдің өмірден.


2-жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!


1-жүргізуші: Ал ендеше, әрі қарай Бейбарыс сұлтан жайлы слайдты назар салып тыңдайық!


Динара слайд


2-жүргізуші: Берілген ақпаратты назар салып тыңдағандарыңызға рақмет! Ендеше оқушыларымыздың өздері қызықтырып жүрген Бейбарыс сұлтан туралы сұрақтарына кезек берейік.


1-оқушы: Бейбарыс сұлтан билік жүргізген уақытта, заңға қандай өзгерістер енгізді?


2-оқушы: Бейбарыс сұлтанның жадыңыздағы бейнесі қандай?


3-оқушы: Тарихшы ретінде, Бейбарыс сұлтанның басқа сұлтандардан қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыз?


1-жүргізуші: Оқушыларымыздың қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап бергеніңізге көп рақмет!


2-жүргізуші: Осымен Бейбарыс Жамақұлы сұлтанға өткізіліп отырған іс-шарамызды жабық деп жариялаймыз! Қош сау болыңыздар!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет