Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы


Зерттеудің ғылыми жаңалығы



бет3/9
Дата09.11.2022
өлшемі63,52 Kb.
#48698
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеуде Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің осы күнге дейiн әдебиеттанушы ғалымдар назарынан тыс қалып келген повесть жанрындағы туындылары алғаш рет арнайы және топтастырыла қарастырылады. Повестердің жазылу кезеңiндегi қазақ әдебиетіндегі бағыт-бағдар, ағым-түсініктерге катысты барлау жасалынып, шығарманың дүниеге келуiне негіз болған замана мәселелері, қоғамдық өзгерістер мен саяси реформалар сөз болады. Өмірдегі уақиғалардын көркемдік шындыққа уласуындағы каламгердің шеберлігі тарихи-әдеби деректерге орай бағамдалды. Повесть жанрының iрi шебері ретінде танылған суреткердің алғашқы туындылары зерттеу еңбегiмiзде топтастырылып, тұңғыш рет олардың көркемдік сапасына, ондағы идеялық iзденістерге жан-жақты барлау жасалынды, жазушы шығармаларындағы сөз үнемділігі, ой тереңдігі, характер жасау шеберлігі байыпталды. Зерттеу барысында Ғабит Мүсіреповтің суреткерлік шеберлігінің кейбір сырлары, болмыс-бітімі айқындала түседі.
Зерттеу әдістері. Диссертациялык зерттеу жұмысында тарихи-салыстырмалы, текстологиялық, жүйелі, кешендi талдау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу нысаны мен пәні. Шығарманың көркемдік-идеялык ерекшеліктерін талдауда жазушының «Бес томдық шығармалар жинағы», «Үш томдық шығармалар жинағы», «Белдерде», «Ұлпан», «Шугыла», «Тулаған толқында», «Тұтқын кыз», «Кездеспей кеткен бір бейне» жинактарымен жұмыс жүргіздік. Суреткер шығармаларына жазылған сын-пікірлермен, макалалармен танысуда Ә. Нарымбетовтің жазушының төл туындыларын, олар туралы басылым беттеріндегі дүниелерді жинап-топтастыру, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 1973, 1975, 1979, 1994, 2002 жылдары баспадан шыққан библиографиялық көрсеткіштер де көп көмегін тигізді. Жазушының
әдебиеттану ғылымының еншісіне тиесілі «Заман және әдебиет», «Әдебиет кәсіп емес, өнер», «Суреткер парызы», «Уақыт iздерi», «Черты эпохи» зерттеу еңбектерi де кұнды айғақтар береді.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялык негiздерiн халқымыздың ұлттық әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдері және орыс, шет ел ғалымдарының сын-зерттеу еңбектеріндегі ой-пiкiрлерi, тұжырымдары құрайды. Жұмыстың негізгі теориялық тұжырымдары мен түйiндерiн корытуда қазақ ғалымдары А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Муканов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, 3. Ахметов, 3. Кабдолов, Н. Ғабдуллин, М. Каратаев, С. Қирабаев, Ә. Нарымбетов, Т. Кәкішұлы, Р. Нұрғали, Ж. Дәдебаев, Қ. Әбдезұлы, 3. Бисенгали, Ж. Тiлепов, Қ. Ергөбеков, Ө. Күмісбаев, Б. Майтанов, Д. Ыскакұлы, С. Әшімханова, 3. Сейітжанов, А. Жаксылыков, Т. Есембеков,
Н. Сағандыкова, Н. Жуанышбеков тәрiздi ғалымдар, сондай-ақ, Б.Г. Мейлах, М.Б. Храпченко, В.Б. Томашевский, В.Б.Шкловский, Р. Уеллек, 0. Yoppeн, М.М.Бахтин, Г. Поспелов, Л.И. Тимофеев, Г.Л. Абрамович, Л.Я Гинзбург, Эльсберг сынды орыс және шет ел әдебиеттанушыларының теориялық зерттеу еңбектерi, сын-мақалалары мен пiкiрлерi басшылыққа алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет