Кіріспе. Мәдениет морфологиясы



бет35/39
Дата20.02.2023
өлшемі232,96 Kb.
#69553
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Субмәдениет – қоғам мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, жастар арасындағы субмәдениетті жастардың өздері қалыптастырады.
Ғылымда «субмәдениет» термині латын тілінің «sub – төменгі», неміс тілінің «kultur– мәдениет» деген ұғымнан шыққанын түсіндіреді. Қоғам мәдениетінің белгілі бір бөлігі болып табылатын топтарды субмәдениетке жатқызамыз. Мұндай топтар қоғамдағы қандай да бір саяси оқиғаларға, әлеуметтік қозғалыстарға байланысты пайда болады. Олар топтар және бейресми бірлестіктерден тұрады.
АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет» ұғымы адамдардың әсіресе жастардың белгілі бір салаға еліктеушілігінің (фанатизм), табынушылығының немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің салдарынан пайда болған. Мұндай бейресми топтан тұратын субмәдениеттердің өкілдері өздерін «ерекше адамдармыз» деп қоғамнан оқшаулағанды қалайды. Олардың өмірдегі ұстанымдары, киім үлгілері, түсініктері, араласатын ортасы қарапайым қала тұрғындарынан әлдеқайда өзгеше болады.
Субмәдениеттің пайда болу тарихы сонау 1950 жылдардан бастау алады. Алғашында жастар арасындағы жаңа киім үлгілерінің, жаңа би түрлерінің, «стиль» деген ұғымның пайда болуынан басталды.
Батысқа еліктеушіліктің алғашқы қадамдары – Батыс музыкасына: джаз, рокен-ролл жанрларына деген қызығушылықтардан көрініс тапты. Екінші толқын, 60-80 жылдар аралығы. Бұл кезең, жастардың батысқа рухани қызығушылығының пайда болуы, классикалық үлгідегі музыкаға еліктеу, фанат болу, «интернационалдық» түсінігіне деген қызығушылықтың артуынан басталды. Бұл кезең Батыстың рухани құндылықтарға әсер ету кезеңі болды. Есірткі, алкогольді ішімдік, марихуаннаға деген қызығушылық белең алды. Ал 1970-1986 жылдары кеңестік қоғам нағыз еліктеу кезеңіне бет бұрды.
«Металлистер», «хиппилер», «эмошылар» және т.б. қоғамдық топтар пайда болды. Дүниежүзілік субмәдениетке жататын ерекше топтардың қысқаша тарихына тоқталсақ.
ХХ ғ. 30-жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болған топ – байкерлер болды. Олар мотоциклмен жүретін топтар. Олар өздерін «Түн періштелері», «Түнгі қасқырлар» деген лақап аттармен атайды. Киім үлгілері роккерлер стиліне өте ұқсас. Түнгі клубтарды шарлап, кең трассаларда мотоциклмен жүргеннен рақаттанады. Денелерінде татумен жазылған түрлі бейнелер болады.
ХХ ғ. 60-жылдары Сан-Францискода құрылған хиппи субмәдениеті – жастар арасында пайда болған субмәдениеттердің ең алғашқысы. Оның мақсаты қоғамда болып жатқан күнделікті құбылыстарға, қалыпты жағдайларға қырсы шығу. Хиппи субмәдениетінің негізгі идеологиясы «Иса пайғамбардың әрекеттерін» философиялық зерттеу болды. Бұл мәдениетті ұстанатын топ өкілдері үнемі шулы жиындарды ұнатады, көңілді отырыстарда еркін көңіл көтеруді қалайтын топ. Ер мен әйел арасындағы қарым-қатынастарға да жеңіл қарайды.
Субмәдениетке жататын арнайы топтардың тағы бір түрі – готика – ХХ ғ. 70-жылдары панктермен қатар пайда болған топ. Олар панктерге өте ұқсас тек киімдері қара түсті болып келіп, металдан жасалған бұйымдарды таққанға әуестенді. Олар қоғамда өз жақтаушыларын айналасына көптеп жинады. Олардың ерекшелігі – киім үлгілері болып, ол жастардың қызығушылығын туғызды. Готикалардың киім үлгілерінде: египеттік, хрестиандық, кельттік сегізжұлдызды белгілер болады. Олар қара түсті киімдер киіп, тырнақтары мен шаштарын да қара түске бояп,ал бет-әлпеттерін аппақ гриммен бояуды өздерінің имидждеріне айналдырды.
Күнделікті қоғам өмірінен, әлеуметтік қалыпты құбылыстардан түңілген, саяси оқиғаларға наразы, «болашақ жоқ» деген көзқарасты ұстанушы адамдардан құралған, анархистер – панк субмәдениеті. Олар өмірден қажыған, зарыққан, болашаққа деген сенімдерін жоғалтқан топтар. Алғаш ХХ ғ. 70-жылдары Англияда болған экономикалық дағдарыс кезінде пайда болды. Панктердің шаш үлгілері де ерекше болды. Олар төбе шаштарын ұзын қылып тігінен қатырып қояды. Лас, жыртық киімдерді кигенді ұнатады. Мінез-құлықтары өте есерсоқ, қоғамда өздерін ерекше көрсеткілері келіп, әртүрлі оқиғаларға тез ілігетін жанжалшыл топ. Панктер Кеңес Одағына 1979 жылдары жетті. Алғаш панктерге еліктеген рок-музыканттар қатарында музыкант Андрей Панов пен әнші Виктор Цой болды.
Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының арасында да белең алған «эмошылар». Эмо «эмоционалды» деген терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл түрі: эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және т.б. болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі барлық оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды. Сонымен қатар, эмошылар қайғылы өлең оқығанды ұнатады. Олардың киім үлгілері қара түс пен күлгін түстің үйлесімділігінен тұрады. Еліміздің де қала көшелерінен жоғары мектеп оқушылары, студенттері арасында күлгін-қара түсті киінген, көздерін қою қараға бояп алған қыз балаларды да кездестіріп қаламыз. Міне мұндай топтар біздің елдегі «эмошылар».
Иә, қазіргі дәуір – қарқынды даму дәуірі, жаһандану кезеңі. Осы жаһандану дәуірінде куә болып отырған: түрлі дүниежүзілік дамулар, үрдістер, ағымдар, ұғымдар мен түсініктер бүгінгі жастың салт-санасын жойып жіберуіне жол бермесе екен деген ой бар. Әрбір жаңа толқынның ақ-қарасын ажыратуына ыпал ете отырып, әлемнің субмәдениетті ұстанатын жастарына тым артық еліктеп біздің де қоғам жастары: байкер, эмо, хиппилер және т.б. топ өкілдеріне айналмаса екен, деген мақсатта – «субмәдениет» ұғымын, оның жағымсыз тұстарын барынша насихаттап, түрлерін айқындау бүгінгі күннің басты принципі деп есептейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет