Сабақтың тақырыбы: №11 Жиындар



Дата19.09.2023
өлшемі90,5 Kb.
#108682
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: №11 Жиындар


1. Жиындар ұғымы


2. Жиындармен операциялар

Жиындар (set) элементтер жиынын көрсетеді. Жиындарды анықтау үшін ішінде элементтері тізбектелген жүйелі жақша қолданылады.





users = {"Tom","Bob","Alice", "Tom"}
print(users) # {"Tom","Bob","Alice"}

Мұнда print функциясы Tom элементін бір рет қана шығарды, себебі жиын тек қайталанбайтын уникалды мәндерден тұрады.


Жиындарды анықтау үшін set() функциясы да қолданылады, онда элементтердің тізімі не кортежі беріледі:

users3 = set(["Mike", "Bill", "Ted"])

set функциясын бол жиын құруда қолданған ыңғайлы:

users = set()

Жиын ұзындығын алу үшін len() кіріктірілген функциясы қолданылады.

users = {"Tom","Bob","Alice"}
print(len(users)} # 3



Элементтерді қосу
Жалғыз элементтерді қосу үшін add() функциясы қолданылады.

users = set()
users.add("Sam")
print(users)

Элементтерді жою
Бір элементті жою үшін remove() әдісі қолданылады, оның ішінде жойылатын элемент көрсетіледі. Бірақ егер ондай элемент жиында болмаса, қате генерацияланады. Сондықтан жоюдан бұрын осы элементтің бар-жоқтығын in операторы көмегімен тексеріп алу керек:

users = {"Tom", "Bob", "Alice"}
user = "Tom"
if user in users:
users.remove(user)
print(users) # {"Bob", "Alice"}

Жою үшін discard() әдісін де қолдануға болады, егер эойылатын элемент жиында жоқ болса, бұл әдіс ерекше жағдай тудырмайды.

user = "Tim"
users.discard(user)

Барлық элементтерді жою үшін clear() әдісі қолданылады.

users.clear()



Жиындарға қолданылатын операциялар
copy() әдісінің көмегімен бір жиынның мазмұнын екіншісіне көшіруге болады:

users = {"Tom","Bob","Alice"}
users3 = users.copy()

union() әдісі екі жиынды біріктіріп, жаңа жиын қайтарады:

users = {"Tom","Bob","Alice"}
users2 = {"Sam","Kate", "Bob"}
users3 = users.union(users2)
print(users3) # {"Bob", "Alice", "Sam", "Kate", "Tom"}

Жиындардың қиылысуы екі жиында да бар элементтерді алуға мүмкіндік береді. intersection() әдісі жиындар қиылысуы операциясын орындап, нәтижесінде жаңа жиын қайтарады.

users = {"Tom","Bob","Alice"}
users2 = {"Sam","Kate", "Bob"}
users3 = users.intersection(users2)
print(users3) # {"Bob"}



intersection әдісінің орнына логикалық көбейту операциясын да қолдануға болар еді.



users = {"Tom","Bob","Alice"}
users2 = {"Sam","Kate", "Bob"}
print(users & users2) # {"Bob"}

Тағы бір операция жиындар айырымы - бірінші жиында бар, бірақ екінші жиында жоқ элементтерді қайтарады. Жиындар айырымын алу үшін difference әдісін немесе азайту операциясын орындауға болады:



users = {"Tom","Bob","Alice"}
users2 = {"Sam","Kate", "Bob"}
users3 = users.difference(users2)
print(users3) # {"Tom", "Alice"}
print(users - users2) # {"Tom", "Alice"}


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет