Климаттың өзгеруі, себебі, салдары



бет6/10
Дата07.01.2022
өлшемі1,3 Mb.
#20032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мал шаруашылығы

БҰҰ 2006 жылғы “Мал шаруашылығының ұзын көлеңкесі” баяндамасында, парникті газдардардың бөлінуінің 18%-ын мал шаруашылығы құрайтыны атап көрсетілген. Оның құрамына орманды жайылым үшін кесу де кіреді. Амазонканың тропикалық ормандарының 70 % мал шаруашылығы үшін кескен, бұл БҰҰ мал шаруашылығы саласына жерді пайдалануды кіргізуіне себепші болды. Көмір қышқыл газының бөлінуіне қосымша, мал шаруашылығы 65 % азот оксидінің және 37 % метанның бөлінуіне себепкер.

Бұл көрсеткішке 2009 жылы Worldwatch Institute екі ғалымы өзгеріс енгізді : олар мал шаруашылығы парникті газдардың 81 % алып жатқанын айтты.

Климаттың ғаламдық өзгеруі туралы шектемелі конвенция – климаттың жаhандық өзгеруі салдарынан туындайтын проблемаларды шешуге арналған халықаралық келісім. Үкіметаралық деңгейде ұйымдастырылған бірқатар халықараралық конференциялар жедел түрде климаттың өзгеру мәселесі туралы жаїандық келісім жасауға шақырды. Осы жайға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 ж. “Климаттың ғаламдық өзгеруі жөнінде шектемелі конвенция” туралы келіссөздер жүргізетін халықаралық комитет құрды. Комитет шектемелі конвенцияның жобасын жасап, оны 1992 жылы 9 мамырда Нью-Йорктегі (АҚШ) БҰҰ-ның штаб-пәтерінде бекітті. Конвенция 1992 жылы маусым айында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) жоғары деңгейде өткен дүниежүзілік кездесуде қабылданды. Оған 154 мемлекет және Еуропалық одақ басшылары қол қойды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет