БҰҰ 2006 жылғы “Мал шаруашылығының ұзын көлеңкесі” баяндамасында, парникті газдардардың бөлінуінің 18%-ын мал шаруашылығы құрайтыны атап көрсетілген. Оның құрамына орманды жайылым үшін кесу де кіреді. Амазонканың тропикалық ормандарының 70 % мал шаруашылығы үшін кескен, бұл БҰҰ мал шаруашылығы саласына жерді пайдалануды кіргізуіне себепші болды. Көмір қышқыл газының бөлінуіне қосымша, мал шаруашылығы 65 % азот оксидінің және 37 % метанның бөлінуіне себепкер.
Бұл көрсеткішке 2009 жылы Worldwatch Institute екі ғалымы өзгеріс енгізді : олар мал шаруашылығы парникті газдардың 81 % алып жатқанын айтты.
Климаттың ғаламдық өзгеруі туралы шектемелі конвенция – климаттың жаhандық өзгеруі салдарынан туындайтын проблемаларды шешуге арналған халықаралық келісім. Үкіметаралық деңгейде ұйымдастырылған бірқатар халықараралық конференциялар жедел түрде климаттың өзгеру мәселесі туралы жаїандық келісім жасауға шақырды. Осы жайға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 ж. “Климаттың ғаламдық өзгеруі жөнінде шектемелі конвенция” туралы келіссөздер жүргізетін халықаралық комитет құрды. Комитет шектемелі конвенцияның жобасын жасап, оны 1992 жылы 9 мамырда Нью-Йорктегі (АҚШ) БҰҰ-ның штаб-пәтерінде бекітті. Конвенция 1992 жылы маусым айында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) жоғары деңгейде өткен дүниежүзілік кездесуде қабылданды. Оған 154 мемлекет және Еуропалық одақ басшылары қол қойды.