Клиникаға кіріспе



бет47/61
Дата23.09.2023
өлшемі227,6 Kb.
#109897
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61
4.Ықылық қату симптомы.
Ықылық – диафрагманың рефлекторлы кенеттен ұстамалы жиырылуы, дыбысты қатты демалумен байқалады.
Тоқтаусыз ықылық қату – жедел көмекті қажет ететін өте ауыр жағдай. Асығыс құрғақ тағаммен асқазан тез толса, жауап ретінде қысқа мерзімді ықылық пайда болады. Мидағы қан айналымның бұзылуынан, невроз кезінде, ішек өтімсіздігі кезінде, құрсақ қуысына хирургиялық араласулардан кейін және өт аурулары кезінде ықылық ұзаққа созылады.
Науқасқа көмек көрсету кезінде оны ең алдымен тыныштандыру, ыңғайлы отырғызу, көкірегін қысып тұрған киімін шешу, таза ауа жұтқызу (палатада болса терезесін не есігін ашу арқылы таза ауа кіргізу, ал үй жағдайында болса далаға шығару), 1-2 жұтым су ішкізу. Ықылық ұзақ уақытқа созылса 0,5 % новокаин ерітіндісінен 1-2 ас қасықпен ішуді ұсыну керек.
5.Кекіру симптомы.
Кекіру - өңеш арқылы газдың асқазаннан шығуы. Кекіру кезінде жұтынғанда асқазанға түскен ауа және де газдың (асқорытылу және ақуыздың ыдырауы кезінде түзілген метан және көмірсутек) шығуы. Кекірудің салдарынан аузынан жағымсыз иіс шығады. Кекіру құрсақ және асқазан рефлекстерімен шақырылады. Дені сау адамда кекіру – тағаммен асқазаны толғанда байқалады. Асқазан аурулары кезінде қышқылды кекіреді, өт ауруы кезінде – тұрып қалған не ашыған, ал асқазанда ауа көп мөлшерде жиналса ауалы кекіру болады. Кекіру ауру емес, симптом – сондықтан науқас жиі кекіруге шағымданса негізгі ауруын емдеу қажет. кекіру көп тамақ жегенге байланысты болса, онда аз мөлшерде қабылдау қажет. емделу барысында ең алғашқы тамақты жәймен асықпай шайнап аз-аздан жұту және активирленген көмірді қабылдау (карболен) керек. Тамақты тойып жеп жатуға болмайды, аз болсада жүру қажет. ұйықтар алдында тамақтануға болмайды.
6.Қыжылдау симптомы.
Өңешке асқазандағы қышқылды құрамның көтеріліп өңештің кілегей қабатын тітіркендіруіне немесе күйдіруіне байланысты, өңеш жолы бойымен күйдіру сезімі пайда болуын айтамыз. Қыжылдауды басу үшін сілтілісу не ас содасын қолданады. Науқасқа жарты стакан сүт немесе минеральді су (Боржоми, Смирновский, Поляна, Квасова, Ессентукки) немесе 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет алмагель беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет