Клиникаға кіріспе


Тәбетінің бұзылу симптомы



бет46/61
Дата23.09.2023
өлшемі227,6 Kb.
#109897
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61
1.Тәбетінің бұзылу симптомы.
Тәбетінің төмендеуі – асқорыту бездерінің секреторлы қызметінің бұзылысы кезінде байқалады. Тәбетінің болмауы (анорексия) – психикалық бұзылыс – бұл кезде науқас адам тамақ қабылдаудан бас тартады. Тәбеті жоғары немесе ашқарақтықтан науқас көп мөлшерде тамақ қабылдайды және дене салмағы қалыптыдан жоғарылайды. Булемия – үнемі тамақтанғысы келеді және тамаққа ашқарақтық сезім пайда болады. Бұл кезде ауруханада емделген жөн.
2.Заеда симптомы – езудің жыртылуы, тіс протезінің аузында дұрыс тұрмауынан немесе дәрумендер және темір препаратының ағзаға жетіспеушілігімен байланысты болады.
Өңеш (esophagus) – жұтқыншақ пен асқазанды байланыстыратын асқорыту жүйесіне жататын мүше болып табылады.
Тамақты жұтқыншақтан ары қарай жұтуға қатысады және өңеш бұлшықетінің перистальтикалық жиырылуы тамақтың асқазанға түсуін қамтамасыз етеді.
3.Дисфагия симптомы (dysphagia; грекше dys+phagein жеу, жұту) – жұтынудың қиындауы; өңеш ауруының симптомы болып табылады. Кейде жұтынудың қиындауы афагия (мүлдем жұта алмауы) дәрежесіне дейін жетеді. Науқас тамақтың ары қарай өтпеу тұрып қалғанын және ауырсыну сезімін сезеді. Науқас дәрігердің кеңесін қажет етеді және сұйық тамақтарды қабылдаған жөн.
Асқазан (ventriculus, gaster) – асқорыту жүйесінің қуысты мүшесі болып табылады. өңеш және он екі елі ішек арасында орналасқан; асқазанның негізгі қызметі болып ауыз қуысынан түскен тамақты механикалық және химиялық өңдеу; химустың түзілуі және оның он екі елі ішекке эвакуациялануы болып табылады. Асқазан ауруларынан пайда болған ауырсыну сезімі эпигастральді аймақта локализацияланады. Асқазаннан қан кету массивті және жасырын болуы мүмкін. Массивті қан кету алқызыл түсті қан құсу немесе "кофе тұнбасы тәрізді" құсады, қан аралас нәжіс (мелена) бөлінеді. Тұз қышқылымен қандағы гемоглобиннің химиялық реакциясының нәтижесінде түзілетін тұз қышқылды гематин нәжіс және құсық массасын қара түске бояйды. Темір жетіспеушілік анемиясы кезінде асқазаннан жасырын қан кетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет