Қанның формалық элементтерінің морфологиясын зерттеңіз, келесі морфологиялық белгілердің маңызы бар:
а) жасушалардың көлемі және формасы
b) ядролық-цитоплазмалық қатынас
с) формасы және ядроның хроматин құрылысы
d) ядрода нуклеолдардың бар болуы немесе жоқтығы, олардың саны және көлемі
e) цитоплазманың түсі және құрылымы
f) цитоплазмада түйіршіктіліктің, вакуольдердің бар болуы (көлемі, формасы, түсі).
Зерттеуді түсіндіріңіз
Қан жасушалардың көлемі бірқатар тербелістерге ұшырайды. Жас жасушалар артықшылықпен жеткен жасушалардан ірі. Жасушалардың формасы жиі домалақ болады, сирек дұрыс емес формалы болады. Форма өзгеруінің бір қатар жағдайларда диагностикалық маңызы бар, мысалы эритроциттер (пойкилоцитоз, сфероцитоз, овалоцитоз және т.б. форманың өзгеруі.
Ядроның қатынасы – жасуша жас болса, одан цитоплазма үлкен болады.
Жас жасушалар ядроның формасы домалақ немесе сәл батыңқы, жеткен лейкоциттердің көбісінде ядерлық полиморфизмге бейімделік байқалады. Ядроның хроматин құрылысы қан жасушалардың дифференциациясы үшін маңызды. Жетілмеген жасушаларда ядроның суреті тым нәзік (ұсақ, тегіс), жеткен – тым қалың (ірі және қою).
Нуклеолдар (ядрошықтар) – ақшыл көк түсті немесе ядродағы ақшыл күлгін көк түсті домалақ денелер. Егер нуклеолдардың көлемі ядро диаметрінің үштен бір бөлігін артса, бұл қатерлі жасушалардың белгісі.
Жас жасушалардың цитоплазмасы (бласттар) базофилды, жетілу кезінде қан жасушалардың көбісінде оксифилды болады.
Түйіршіктілік гранулоцитарлы қатардағы жасушаларға ерекшелігімен тән. Ол нейтрофилды бола алады (қызғылт-күлгін бояу, жиі шан түрінде), базофилды (жиі күлгін, сирек қара түсті, көлемі және формасы жағынан біртекті емес), эозинофилды (кірпіш-қызғылт түсті, түсі, формасы және көлемі жағынан біртекті) және спецификалық деп аталады.
Ескерту: қанның боялған препараттары алдын ала дайындалады. Кабинетте болуға тиіс : анемиялар кезіндегі қан сүртінділердің жинағы (теміртапшылық, фолийтапшылық ,жіті постгеморрагиялық, гемолиздік); лейкоздар кезіндегі қан сүртінділердің жинағы (жіті лейкоз, созылмалы миелоидты лейкоз, созылмалы лимфолейкоз).