Коммерциялық емес акционерлік қоғам Ғумарбек даукеев атындағы алматы энергетика



Pdf көрінісі
бет20/40
Дата30.11.2022
өлшемі3,44 Mb.
#54031
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Байланысты:
RVJUjsKwTOC7zfli36khdPN4rEBoaZ (1)

ПЕР
P
,
ПР
P
- тарату және қабылдау кезіндегі сигнал деңгейлері, 
ПОМ
P

бөгеуіл 
деңгейі. 
2.5 сурет – Деңгейлер диаграммасы 
Арнаның қалдық өшуі дегеніміз – төртполюсті құрылғы ретінде 
арнаның кіріс және шығыс кедергісінің номиналды мәндеріне тең активті 
жүктеме кедергісіне дейін кіріс және шығыс тізбектердің қысқаруы 
жағдайында анықталатын арна жұмысының төмендеуі (өсуі). Тарату 
арнасын құрайтын барлық элементтерді сәйкестендірген кезде кіріс 
кедергілерін қалдық өшу арқылы анықтауға болады, бұл арнадағы өшіру 
мен күшейту сомаларының арасындағы айырмашылық болып табылады. 
Тоналды жиілік арнасының қалдық өшуі 7 дБ құрайды. 
Бір транзиттік 


45 
учаскедегі максималды ауытқу ықтималдығы 0,95 болатын 2,2 дБ аспауы 
керек. 
Тиімді берілетін тоналды жиілік арнасының жиілік жолағы дегеніміз –
бұл шеткі жиіліктерде (0.3 және 3.4 кГц) 8.7 дБ-ге қалдық өшуі 800 Гц 
жиілікте қалдық өшуден асатын жолақ.
 
7 дБ номиналынан тоналды жиілік 
арнасының ауытқуының жиіліктік сипаттамасы транзиттердің ең көп саны 
кезінде, яғни 12 қайта қабылдайтын учаскелерде шаблон шегінде қалуы тиіс 
(2.6 сурет). 
Фаза жиіліктік бұрмаланулар дауысты тарату кезінде аса маңызға ие 
болмайды. Тональды жиілік арналары - деректерді тарату және факсимильді 
байланыс үшін де қолданылады және ол үлкен фаза жиілікті бұрмалануға 
жол берілмейді. Сондықтан ұзындығы 2500 км болатын бір транзиттік 
учаскеде топтық тарату уақытының мәнінен 1900 Гц жиіліктегі ауытқу 
нормаланады (2.7 сурет). 
2.6 сурет - Тональды жиілікті аналогтық арнаның өшу қалдығының 
ауытқу үлгісі 
2.7 сурет - Тональды жиілікті арнаның топтық тарату уақытының 
рұқсат етілген ауытқуы 
Бір транзиттік учаскеде тональды жиілік арнасының сызықты емес 
бұрмалану коэффициенті 800 Гц жиіліктегі токтың номиналды тарату 
деңгейі кезінде 1.5% (үшінші гармоникада 1%) аспауы тиіс. 
Амплитудалық 


46 
сипаттама бұл ретте келесідей нормаланады: бір транзиттік учаскеде 
арнаның қалдық өшуі 0.3 дБ дәлдікпен, 
өлшеу сигналының деңгейі -17.5 
дБ-дан 3.5 дБ-ға дейін өзгерген кезде нөлдік өлшеу деңгейі бар нүктеде кез 
келген жиілікте 0.3... 3.4 кГц шегінде болады. Өлшеу сигналының деңгейі 
8.7 және 20 дБ дейін жоғарылған кезде қалдық өшу тиісінше 1.75 және
7.8 дБ кем болмауы тиіс.
2.2.1 Тоналды жиілікті арналарындағы бөгеуілдер. 
Тональды жиілік арнасының шығысында ақпараттық сигналдан басқа 
бөгеуілдер болады, олар салыстырмалы деңгейде -7 дБ болатын соңғы 
нүктеде қабылданады. Ұзындығы 2500 км болатын қайта қабылдау 
учаскесінде кез келген уақыт ішінде арнадағы кедергінің псофометриялық 
(өлшенген) кернеуінің орташа шамасы 1.1 мВ псоф-тан аспауы тиіс 
(Салыстырмалы нөлдік деңгейдегі нүктеде 10000пВт псоф болады). 
Сандық 
және 
оптикалық 
тарату 
жүйелерінің 
көмегімен 
ұйымдастырылған тональды жиілікті стандартты арналар жоғары сапалы 
болып табылады. Сондықтан тональды жиілікті сандық арналардың 
бірқатар сипаттамалары келесі айырмашылықтарға ие: 
Амплитудалық-жиіліктік бұрмалану нормаларын МСЭ-Т үлгі түрінде 
берілген (2.8 сурет). Егер тональды жиіліктің сандық және аналогтық 
арналарының қалдық өшуінің рұқсат етілген ауытқуларын салыстырсақ, 
сандық арналар үшін нормалар неғұрлым қаттырақ болатындығын атап 
өтуге болады. Бұл туралы фаза жиіліктік бұрмалануды да айтуға болады (2.9 
сурет). 
2.8 сурет - Тональды жиілікті сандық арнаның қалдық өшуінің ауытқу 
үлгісі 


47 
2.9 сурет - Тональды жиілікті сандық арнаның топтық тарату 
уақытына рұқсат етілген біркелкі емес үлгісі 
Тональды жиілікті сандық арналар үшін кванттау шуын бағалайтын 
қосымша сипаттама енгізіледі. Бұл сипаттама сигнал-шудың сигнал 
деңгейіне қатынасының тәуелдігі ретінде беріледі (2.10 сурет). 
2.10 сурет– Кванттаудың сигнал/шу қатынасы сигнал деңгейіне 
тәуелділігі 
2.2.2 Кеңжолақты арналар. 
Заманауи тарату жүйелері өткізу қабілеті бар тональды жиілік 
арнасына қарағанда жоғары арналарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Өткізу қабілетінің артуы тиімді таралылатын жиілік жолағын кеңейту 
арқылы іске асады және кең жолақты арналар тональды жиіліктің белгілі бір 
санын біріктіру арқылы қалыптасады.
Жұмыс жиілік жолағының желілік трактілері мен арналары 2.1 
кестеде келтірілген.
Кең жолақты арналардың жиілік белдеулері КФД 
жолақты сүзгілерге байланысты белгілі: жұмыс жолақтарында бақылау 
сигналдарының жиіліктерінде КОТ және КФО-да блоктайтын сүзгілердің 
болуына байланысты тозу мен фазаның «жарылуы» бар. 


48 
2.1 кесте– Жұмыс жиілік жолағының желілік трактілері мен арналары 
Арна немесе тракт түрі Тракт 
Арна 
Алдыңғы топ 
12,3…23,4 
Бірінші
60,6…107,7 
65…103 
Екінші 
312,3…551,4 
330…530 
Үшінші 
812,6…2943,7 900…1900 
 
2.2.3 Екіжақты арналарды ұйымдастыру. 
Екі жақты байланыстың талабына сәйкес көптеген байланыс жүйелеріне 
сигналдарды бір уақытта және тәуелсіз таратуды қамтамасыз ету қажет. 
Екі 
жақты байланысты ұйымдастыру үшін бір бағытта екі арна қолданылады, 
олар екі бағытты төрт сымды арнаны құрайды (2.11 сурет). 
Бір бағытты арна 
арқылы өтетін сигналдар күшейеді (S
А-Б
и S
Б-А
). 
2.11 сурет- 
Екі жақты арна 
Екі сымды, екі бағытты арна тарқатушы (развязывающее) 
құрылғыларды қолдана отырып төрт сымнан құралады. Тарқатушы
құрылғының 1-1 қысқыштары сызықты деп аталады. А станциясының 
тарқатушы құрылғыларының сызықтық қысқыштарынан В станциясының 
тарқатушы құрылғыларының сызықтық қысқыштарына өтуі, сондай-ақ 
қарама-қарсы бағытта 2.11-суретте қатты және сызылған сызықтарды қолдана 
отырып көрсетілген. 
А және Б станцияларының желілік қысқыштары арасындағы 
сигналдардың өшуі а
ОСТ
= а
1-2
- S
А-Б(Б-А)
+ a
4-1
екі сымды арнаның қалдық өшуі 
деп аталады. а
1-2
және a
4-1
шамалары минималды болған жөн.
Тарқатушы құрылғыларын қолдана отырып, төрт сымнан екі сымдық 
арнаға өтуді ұйымдастырудағы негізгі қиындық - кері байланыс (КБ) ілмегінің 


49 
пайда болуы болып табылады. Сигнал екі сымды арнаға түсіп, кері байланыс 
ілмегі бойынша айнала бастайды, бұл сигналдардың формасының 
бұрмалануына және арнаның өздігінен қозуына алып келеді.
4-4 қысқышынан 2-2 қысқышына өту арқылы сигналға ұшырайтын өшу 
өтпелі a
ПЕР
деп аталады.  
Барлық кернеулер мен күшейтулердің қосындысына тең кері байланыс 
ілмегі бойынша a
ОС
= a
ПЕР1
+ a
ПЕР2
- S
А-Б
- S
Б
ерекше атауға ие - 
орнықтылық 
шегі болады. Егер aOS 0 0 болса, онда арна тұрақсыз және өздігінен 
қозғалады
Қазіргі заманғы тарату жүйелерінде байланыстырушы құрылғылар 
ретінде орташа нүктелі симметриялы трансформатордың негізінде 
орындалған дифференциалды жүйе (ДЖ) кеңінен қолданылады (2.12 сурет) (II 
және III жартылай орамдары бірдей). 
Дифференциалдық жүйе құрамына Z
3
кедергісі кіреді, ол баланс деп аталады. Ол абоненттік желінің кіріс 
кедергісінің қасиеттерін жақын көрсетеді. 
2.12 сурет - 
Трансформаторлық дифференциалдық жүйе сұлбасы 
 
Дифференциалды жүйелерге жұмыс бағыттарындағы ең аз өшу және ең 
жоғары өтпелі өшу талаптары қойылады. 
Бұл талаптар дифференциалды жүйе 
деп аталатын баланс шарттарын сақтаған кезде орындалады. 4-4 - 2-2 
бағытындағы ДС балансының шарты абоненттік желінің кіріс кедергісінің 
және zвх=Z3 баланстық кедергісінің теңдігі болып табылады. 1-1-3-3 
бағытындағы ДС балансының шарты дифференциалды трансформатордың 
бірінші жартылай орамының кіріс кедергісінің және ZВХ төрт сымды арнаны 
қабылдау бағытының кіріс кедергісінің теңдігі болып табылады.ТР.=Z4. 
Теңдестірілген дифференциалды жүйе жағдайында 1-1 және 4-4 
қысқыштарына жеткізілетін кіріс сигналдарының қуаты 2-2 және 1-1 шығыс 
қышқыштарына толығымен жіберілмейді, тек жартылай ғана жіберіледі, ал 
кіріс сигналдары жұмыстық өшуі деп аталатын дифференциалдық жүйе а
4-1 

а
1-2
= 10lg2 = 3дБ болады. Нақты дифференциалдық жүйеде идеалды емес 
трансформатордың есебінен жұмыстық өшуі біршама үлкен болады.
а
42
өтпелі өшуі нақты дифференциалды жүйеде соңғы өлшем болып 
табылады. Бұл көбінесе абоненттік желінің кіріс кедергісі мен баланстық 
кедергі теңдігінің дәлдігіне байланысты болады. Бұл теңдікті нақты орындау 


50 
мүмкін емес, өйткені бір дифференциалды жүйе баланстық кедергінің 
өзгермейтін шамасында елеулі айырмашылығы бар абоненттік желілер 
қосылуы мүмкін. а
42 
трансформаторлық дифференциалдық жүйенің өтпелі 
өшу шамасы мынадай формула бойынша анықталуы мүмкін: 
;
6
lg
20
3
3
42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет