Шиналық топология – ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмысы бұзылады. Оның үстіне, бір мезетте бір ғана арна арқылы бірнеше компьютердің мәлімет алмасуы үшін арнайы программалық жабдықтама жасалуы керек.
Сақина тәрізді топология да қарапайым желі түрі, мұнда информация бір бағытта ғана айна-лыста болады және әрбір компьютер мәліметті қабылдап алып ары қарай жөнелтіп отырады. Желінің компьютерлер арасындағы бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмыс істей алмай қалады.
Жұлдыз тәрізді топология –мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Интернет.
Интернет – біріктірілген желілер жүйесі, яғни желілердің желісі деген ұғымды білдіреді. Соңғы кездері оны Дүниежүзілік компьютерлік желі деп атайды. Физикалық тұрғыдан алғанда Интернет бір-бірімен байланыс арналарымен біріктірілген бірнеше миллион компьютерлердің жиыны деп қарастыруға болады.
АҚШ қорғаныс министрлігінің Перспективалық Жұмыстар Агенттігі (DARPA – Defense Advanced Research Project Agency) қаржысына мемлекеттік деңгейдегі алғашқы компьютерлік желі жасалып шықты. Агенттіктің атына байланысты ол ARPANET деп аталды.
ARPANET желісі 1969 жылы жұмыс істей бастады. Осы желі жаңа компьютерлер тораптарының (түйіндерінің) қосылуына қарай кеңітіліп, 80 жылдарда ірілендірілген тораптар негізінде аймақтық желілер жасалып, ARPANET жүйесі жалпы архитектурасының төменгі деңгейлері іске қосыла бастады.
Интернеттің нақты дүниеге келуі 1983 жыл болып саналады. Дүниежүзілік желі негізін құрайтын, бүгінге дейін кең пайдаланылып келе жатқан TCP/IP байланыс хаттамасының сол стандартталған мерзімі Интернеттің бастау алған күні болып табылады.
1982 Европалық UNIX-желі (бұған дейін – АҚШ, Канада, Англия)
1983 Желі екі бөлікке бөлінген:
MilNet – АҚШ-тың соғыстық мақсаттары үшін
Internet – қоғамдық желі
1984 Домендік аттар жүйесі (DNS), (www.mail.ru түріндегі адрестер)
1989 Интернетте 100 000 компьютер.
1991 WWW-тің (World Wide Web) ойлап шығарылуы– Т. Бернес-Ли, деректерді гипертекст түрінде тасымалдау
1991 ТМД елдері Интернетке қосыла бастады.
1994 Алғашқы интернет-магазиндер.
2000 20 млн-нан астам сайт.
Интернет дегеніміз не?
InterNet
inter – «аралық»
net, network – «тор»
Интернет – компьютерлік желілерді біріктіретін ауқымды желі.
Байланыс арналары:
кабельдік
талшықты-оптикалық
спутниктік радиобайланыс
Провайдер – қарапайым қолданушылардың Интернетке шығуын қамтамасыз ететін фирма
Интернет серверімен спутниктік немесе талшықты-оптикалық байланысу арнасы
модем
жиіліктерді
бөлуші (сплиттер)
телефон станциясы
модем
ADSL-модем
роутер
хаб
ADSL-модем
провайдер
dial-up
ADSL
ерекшеленген желі
Интернеттің
көрсететін қызметі.
Электронды пошта (e-mail)
ҒТР
Әлемдік тор (WWW)
Интернет арқылы хабарласу
Ақпаратты іздеу
Қолданушылар арасында файлдармен алмасу («пирингті желілер»)
Электронды коммерция және банктадағы есептеу шотын басқару
Интернеттің көрсететін қызметі
Интернет мүмкіндіктері
WWW (World Wide Web) – гипермәтіндік құжаттар. Гипермәтін – әрбір сөзі немесе сөз тіркесі басқа құжатқа сілтеме бола алатын мәтінді айтады. Гипермедиа – ішінде мәтін, сурет, дыбыс, видео болатын активті сілтемелерден тұратын құжаттар.