Компонент (МК/ТК) Пән коды


Модуль 5.1 Сана және стресс психологиясы, 14 кредит Клиникалық психология



бет7/18
Дата06.05.2023
өлшемі54,23 Kb.
#90735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Модуль 5.1 Сана және стресс психологиясы, 14 кредит Клиникалық психология


Дублин дескрипторлары А) В) С) D) E)
Пәннің атауы Сана психологиясы және психосоматика (М.Оспанов ат. Батыс-Қазақстан медицина университеті)
Бағдарлама авторы Кереймаганбетова Ж.Н.
Курсты оқытудың мақсаты (оқу бағдарламасына сәйкес) - Пән сана психологиясы мен психосоматиканың байланысын теориялық тұрғыдан зерттеуге бағытталған. Курстың мазмұны сананың дуалистік және монистік теорияларын, феноменальды сананың ішкі құрылымын, сананың нейропсихологиясын, психосоматикадағы физиологиялық теорияларды, психосоматикалық бұзылулардың классификациясын қарастырады. Оқыту нәтижесінде студенттер психосоматикалық бұзылысы бар науқастың психологиясымен қатар сана мен дененің байланысын талдап, психосоматикалық ауруларды анықтау және алдын алу дағдыларын игере алады.
Пәннің қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдері немесе тақырыптар атаулары) Психосоматикалық аурулар, паталогиялар психогендік факторлар (стресс, психологиялық жарақат, ішкі конфликт) арқылы дамиды. Ішкі дене мүшелерінің жұмысының бұзылуы эмоционалды проблемаларға жауап ретінде жүреді. Стресстік факторлар жүрек аурулары, ойық жара (язва), ревматоидты артрит, бронхиалды астма секілді т.б. ауруларға тікелей әсер етеді.
Пререквизиттері жалпы психология,стресс психологиясы, ЖЖҚ анатомиясы
Постреквизиттері Психология ғылымының әдіснамалық негіздері. Психологиялық коррекция әдістері.
Оқытудан күтілетін нәтижелер А. Сана психологиясы және психосоматика түрлері, дамуы туралы жалпы мағлұмат алу; В.Психологияны белгілі бір аймағында қолданудың қолданбалы міндеттерді құра алу; С. Практикалық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу дағдысын меңгеруі керек; психологиядағы ғылыми-ұғымды аппараттарды игеру шеберлігін меңгеруі керек; зерттеу іс-әрекет дағдыларын меңгеруі керек. D. алған білімдерін іс-тәжірибе жүзінде пайдалану. Е. түрлі әлеуметтік жүйелерде эксперименталды зерттеулер жүргізу дағдысын қалыптастыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет