Курстың мақсаты



бет1/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70


Курстың мақсаты: Психология курсы студенттерді кәсіби деңгейде дайындауының ең негізгі пәні болып есептеледі. Әсіресе, мамандыққа бағытталған психологиялық білім мен іскерлікті меңгеру үшін жоғары оқу орындарындағы студенттерге психология курсын оқыту міндетті. Сонымен бірге оқушылардың оқыту және тәрбиелеуге тікелей немесе жанама қатысы бар бір жүйеге келтірілген психология ғылымының жалпы ұғымдарын студенттер меңгеруі керек.
Пәнді оқытудың негізгі міндеті:
• студенттерді адамның жеке басының дамуы мен қалыптасу
заңдылықтары жайындағы біліммен қаруландыру;
• жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу процесінде олардың бойындағы икемділігін, өзіндік қабілетін барынша дамытып, қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдануға баулу;
• кейбір жекелеген оқушылардың сабаққа үлгермеу себептерін анықтап,
олардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарын түзетіп отырудың
тиімді жолдары мен пайдалы әдістерін іздестіру;
• жалпы тәрбие ісінің жемісті болуын қамтамасыз ету.


Дәріс - оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тәлім - тәрбие формасы. Дәрістің басынан соңына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал студенттер сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дәрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі.
Дидактикалық мақсаттарына және оқу процесіндегі орнына байланысты дәрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық, қорытындылау және шолу- түрлерімен ажыралады.
Дәрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:

  • жалпы мақсаттарына байланысты оқыту - ағарту, үгіттік, насихаттық, тәрбиелік, дамытушылық дәрісбаяндары ажыралады;

  • мазмұны бойынша: академиялық және ғылыми көпшілік дәрісбаяндары белгілі;

  • ықпал әсеріне орай: көңіл – күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дәрісбаяндар қолданылуда.

Құрылымдық жағынан әдетте, дәрісбаян үш: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады. Жоспар мен міндеттер таныстырылады. Негізгі және қосымша әдебиеттер көрсетіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық және практикалық маңызы сипатталады. Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылған өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады. Олар арасындағы байланыстар қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады. Қалыптасқан тәжірибе мен ғылыми зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады. Қорытынды бөлім қызметтерінің мәні - мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып жалпыланады, қорытынды ой-сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.
Дәріс сабағын жүргізуге арналған ереже:
Білім беру процесіндегі жоғарғы мектепте дәріс сабақтары маңызды орын алады. педагогикалық, гуманитарлық мамандықтарындағы студенттер дәріс сабақтарын оқытушы басшылығымен логикалық, жүйелілік, зерттеушілік формасында білім алады.
Дәріс сабақтары өзара байланысты мақсатқа бағытталады:
• студенттерге қолданбалы білім қолданбалы теориялық білім арқылы беріледі;
• студенттердің әр жақты дамуы және тәрбие сапасы, қатынасы, көзқарасы, талқылауы жалғасады;
Оқу дәрістерін өткізу әдіс – тәсілдеріне орай дәрісбаян түрлері төмендегідей бөлінеді:

  • көрнекілі (визуалды) дәрісбаян - оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;

  • бинарлы дәрісбаян (диалогты дәрісбаян) - оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі - практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;

  • шатастыру дәрісбаяны (лекция провокация) - мұндай дәрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат - оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға және көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дәрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі;

  • Кеңес дәрісбаяндар «сұрақ - жауап» не «сұрақ – жауап -сөз - жарыс» күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;

  • Екеу дәрісбаяны (лекции вдвоем) - бір пән не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дәріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады.

- Проблемалық лекция : жаңа лекция белгісіз «ашуды» қажет ететін түрде ендіріледі.Проблемалық ситуацияны студенттің проблеманы шешуге ізденіп жасалуы. Мәселені шешу мен оның нәтижесі студенттің, оқытушымен ынтымақтастықта жаңа қажетті білімді иеленеді. Студенттік танымдық процесі ізденістік, іс-әрекеттің жүйелілігіне әкеледі. Проблемалық лекция - оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мәселе - міндеттер, жағдай ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі - ғылыми ізденіс, диалог, талдау әрқилы көзқарастарды салыстыру және т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты. Проблемалық лекция студенттің теориялық ойлаушылық лекция дамуын пән мазмұнына деген танымдық қызығу, кәсіби мотивация, корпорациялық қамтамасыз етеді.

  • Ақпараттық лекция - дайын мәлімет жүзеге беріледі және түсіндіріледі. ақпараттық дәрісбаян – түсіндірме – көрнекілік әдіспен өткізілетін дәстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;

  • Визуальды лекция - көрнекілік принципін жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі нәтижесі ретінде пайдаланылады. Көрнекілік тиімді сақтаулы және танымдық құбылысты терең білуге мүмкін береді. Көрнекіліктің снатуальды, бейнелі, символикалық түрлері пайдаланылады.

  • Пресс конференция лекция - Магистранттардың тақырып мазмұнына сай жазбаша берілген сұрақтарына жауап беру. Лекция конференцияғылыми - практикалық сабақ түрінде күн ілгері белгіленген оқу бағдарламасына сәйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтыраны әрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды.

Сұрақтар мен оған берілетін жауап, берілген жауап, берілген сұрақтар түрін топтастырып алып, лекцияны оның мазмұнына қарай біріктіріп барып бастайды.Сабақ соңында студенттерді қызықтырған сұрақтармен олардың біліміне қатысты оқытушы талдама жасайды.
Кредиттік оқу жүйесіндегі дәріс сабағына қойылатын талап:
1. Дәріс сабағының жүргізу уақыты сандық қатынасының кем болуына байланысты дәріс құрылымын тиімді пайдалану.
2. Оқытушының теориялық материалды қысқа уақыт шеңберінде
орналастыру қажеттілігіне орай танымдық - ойлағыштық іс- әрекетінің
белсенділігін көтеру.
3. Силабуста алдын ала тақырып, онда қаралатын тақырып онда қаралатын
мәселелер шеңбері белгіленуіне тақырыпқа қатысты негізгі түсініктер
мен терминдер жөнінде алдын ала әзірлікпен келу.
4. Кредиттік жүйенің негізгі мақсаты өз білімін жетілдіру мен білімді шығармашылықты меңгеруге негізделуі интерактивті әдіске сүйену
3. Тақырыптағы күрделі, түсініксіз мәселелер жөнінде лектордың бір мәселені кешенді баяндау үшін алдын ала Магистранттардың сұрақтар тізбегін әзірлеуі.
4. Проблемалық сұрақтарды алдын ала даярлау және пікірталас
ситуациялық тапсырманы қарастыру мен шешу әдістерді пайдалану.
Дәріс құрылымы
Интенсифтендіру жолы
1. 5-7 минут Экспресс - сұрақтар алдын ала даярланып қиын сұрақтар тақырыптағы қиын сүрақтар мен терминдерді анықтау мен түсіндіру.
2. 15-20 минут Мини - лекция белгіленген тақырыптағы проблемалық сұрақтар шеңберінде жүргізу
3. 20 минут түрлі әдістер көмегімен материалды тереңдету мен бекіту. Шағын топпен жұмыс істеу тақырыпқа негізгі тақырыпқа сай негізгі қосымша пайдаланған әдебиеттер талқылау т.б.
4. Қалған уақытта - меңгерген білім мен нақты дағды мен біліктілікті түрлі тәсілдер арқылы бақылау жасау (тапсырманы шешу қысқа тест, кішігірім бақылау жұмыс, рөлдік ойындар т.б)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет