Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет58/85
Дата20.11.2022
өлшемі330,86 Kb.
#51389
түріКонкурс
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85
2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Дайын өнімнің ассортиментін кеңейту және шикізат бірлігінен шығу, сондай-ақ өнім өндірісіндегі қалдықтардың үлесін азайту мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеудің ғылымды қажетсінетін технологияларын әзірлеу» ғылыми-зерттеу жұмысына арналған
2 Техникалық тапсырма



1. Жалпы ақпарат:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Ауыл шаруашылығы өнімі мен шикізатын қайта өңдеу және сақтау.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен сақтаудың инновациялық технологияларын жасау.
2.1.1. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндетерді шешу қажет:
2.1.1.1. Өсімдік шикізаты мен жаңа тағамдық ингредиенттерді қолдана отырып, ет өнімдерінің экспортқа бағытталған жаңа түрлері мен жылқы, сиыр, қой, ешкі және құс етінен жасалған консервілер технологиясын жасау.
2.1.1.2. Функционалдық бағыттағы ет өнімдерін өндіруде ІҚМ және құстың жанама шикізатын қайта өңдеудің ресурс үнемдеу технологиясын әзірлеу.
2.1.1.3. Құрамында еті бар құрама консервілерді алу мақсатында құстарды сою кезінде бөлінетін жанама шикізатты ұтымды қайта өңдеу технологиясын әзірлеу.
2.1.1.4. Тамақ өнеркәсібі үшін аналық ара сүтшесін өндіру және қайта өңдеу технологиясын жасау.
2.1.1.5. Бал және зімбір негізіндегі алкогольсіз фитосусындардың технологиясы мен рецептерін әзірлеу.
2.1.1.6. Экспортқа бағдарланған өнім өндіру мақсатында халықаралық стандарттарға сәйкес мал сою өнімдері (өт, ішкі май, ішек шикізаты және т. б.) стандартының жобасын әзірлеу.
2.1.1.7. Қант өнеркәсібінің екінші шикізатынан алынған пектин сығындысымен байытылған жемістер мен көкөністерден (алма, сәбіз, қызылша) жеміс-көкөніс джемдерін, пюре, шырындар алу технологиясын әзірлеу.
2.1.1.8. Дұрыс тамақтану үшін жергілікті шикізаттан жеміс, жидек және көкөніс тағамдарын, шай сусындарын өндіру технологиясын жасау.
2.1.1.9. Профилактикалық мақсаттағы өнім алу үшін жаңғақ қалдықтарының дәстүрлі емес түрлерін қолдану.
2.1.1.10. Омега-3-полиқанықпаған май қышқылдарымен байытылған дәнді "сүт" сусындарының технологиясын әзірлеу.
2.1.1.11. Өнген астық негізінде функционалды сусындарды өндіру технологиясын жасау.
2.1.1.12. Ауыл шаруашылығы және өнімсіз жануарлар мен құстар үшін құрама жем мен премикстер өндірудің отандық технологияларын әзірлеу.
2.1.1.13. Жануарлардан алынатын азық қоспасын алу үшін сойылатын жануарлардың жанама ет шикізатын қайта өңдеудің ресурс үнемдеу технологиясын әзірлеу.
2.1.1.14. Сапасын арттыру мақсатында сүт сарысуын қолдана отырып, қой терісін өңдеудің жаңа технологиясын жасау.
2.1.1.15. Шырындар мен балалар тағамына арналған концентраттар (пюре), кондитерлік өнімдер өндіру үшін бақша дақылдарын (қарбыз, асқабақ және т.б.) сақтау және кешенді және терең өңдеу техникасы мен технологиясын әзірлеу.
2.1.1.16. «Халал» стандарттарын қолдана отырып, ауылшаруашылығы шикізатын қайта өңдеу технологияларын әзірлеу.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтарын шешеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет