Конрад Аденауэр атындағы Қор


дық реформаны жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамды айқындады



Pdf көрінісі
бет34/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

дық реформаны жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамды айқындады.
Салық салу бойынша нақты бес қадам жасалды:
39-қадам. Кеден және салық жүйелерін интеграциялау. Тауар салық салу 
мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға 
дейін бақылауға алынады.


70
Қазақстан экономикасының трансформациясы
42-қадам. 2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, 
одан әрі барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялауды 
кезең- кезеңмен енгізу.
43-қадам. Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық 
желісін құру. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының 
бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. Тәуекелдерді басқару 
жүйесін енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау 
үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тап-
сырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады.
44-қадам. Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру. Қосымша құн салығының 
орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу.
45-қадам. Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы 
қолданыстағы салық режимін оңтайландыру.
Бұл ретте Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа 
жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: 
«Салықтарды көтеру – бұл қалыптасқан жағдайдан шығу жолы емес. Бұл 
бар болғаны бизнеске қосымша қысымды білдіретін болады» деп атап өтті.
Алайда, Үкімет бюджеттің тапшылығын жабу үшін, бизнес мүдделеріне 
қарамастан, салықтық жүктемені көтеру бағытын белгіледі. ҚҚС бойынша 
тіркеудің ең төменгі шегін азайту жоспарлануда.
PwC және Дүниежүзілік банктің «Paying Taxes 2018» есебі бойынша, 
Қазақстан салық жүктемесі жөнінен әлемде 60-орынға ие. Сонымен қатар, 
жалпы салықтық жүктеме 29,2% (коммерциялық пайдадан). Салық төлеу 
мерзімі жылына 178 сағат, ал салық төлемдерінің саны – тек 7
1
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет