Қазақстандағы салық саясаты Рахым Ошақбаев 1. Қазақстандағы салық жүктемесін бағалау Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Конституцияға негізде-
леді, Салық кодексінен және оның қабылдануы Салық кодексімен көздел-
ген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Конституция салық қызметі саласындағы мемлекеттік органдардың
өкілеттіктері мәселелеріне қатысты салық заңнамасының жалпы ереже-
лерін, сондай-ақ салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу
жөніндегі міндеттерді белгілеуді қамтиды.
Салық кодексі салық салу мен алымдарды енгізу, есептеу, жинау, сондай-ақ
осыған байланысты салық төлеуші мен мемлекет арасында уәкілетті мем-
лекеттік органдар атынан туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу қағидаттарына
негізделеді. Салық салу қағидаттары мыналарды:
• міндетті салық салу қағидаты;
• салық салудың сенімділігі қағидаты;
• әділ салық салу қағидаты;
• салық жүйесінің бірлігі қағидаты;
• Қазақстан Республикасының салық заңнамасының жариялылығы
қағидатын қамтиды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы
6 мамырдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционал-