Конрад Аденауэр атындағы Қор



Pdf көрінісі
бет35/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Салық түсімдері
2016 жыл
2017 жыл
Жылдан 
жылға 
өзгеру
Жылдан 
жылға 
өзгеру (%)
Мемлекеттік бюджетке 
түсетін салық
6 023 263
6 810 851
+787 589
+13
Корпоративтік табыс 
салығы
1 437 365
1 538 785
+101 421
+7
Жеке табыс салығы
691 778
750 212
+58 434
+8
1
 Paying Taxes 2018, PwC, https://www.pwc.com/gx/en/services/tax/publications/paying- 
taxes-2018.html


71
Қазақстандағы салық саясаты
Салық түсімдері
2016 жыл
2017 жыл
Жылдан 
жылға 
өзгеру
Жылдан 
жылға 
өзгеру (%)
Әлеуметтік салық
530 440
576 607
+46 167
+9
Қосымша құн салығы
1 495 682
1 664 699
+169 017
+11
Акциздер
205 231
255 994
+50 763
+25
Шикі мұнайға КБС
638 977
854 530
+215 554
+34
2. Жалақы қорына салықтық жүктемені арттыру – 
салықты төлеуден жалтарудың себебінің бірі
Бүгінгі таңда Қазақстанда салықтардың және басқа да міндетті төлем-
дердің 30 түрі бар.
Салықтың он түрі: КТС; ЖТС; әлеуметтік салық; ҚҚС; акциздер; жер 
қойнауын пайдаланушы салығы; экспортқа рента салығы; мүлік салығы; 
жер салығы; бірыңғай жер салығы; тасымалдау салығы; ойындар биз-
несіне салық; тіркелген салық.
Он төлемақы: қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған 
лицензияларды пайдалану үшін; жерді пайдалану үшін; жер үсті көздерінің 
су ресурстарын пайдалану үшін; қоршаған ортаға эмиссиялар үшін; жану-
арлар дүниесін пайдалануға; орман пайдалану үшін; ерекше қорғала-
тын табиғи аумақтарды пайдалану үшiн; радиожиілік спектрін пайда-
лану үшін; қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, 
сондай-ақ ұялы байланыс қызметін ұсыну үшін; сыртқы (көрнекі) жарна-
маны орналастыру үшін.
Жеті алым: лицензиялық алым; тіркеу жарнасы; банктік және сақтандыру 
нарықтарындағы қатысушылардың рұқсаттары үшін; телерадио хабар-
ларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат 
беру үшін алым; Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралда-
рын өткізу үшін; азаматтық авиация саласындағы сертификаттар үшін; 
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін.
Бұл ретте жарияланған салық жүктемесі сыбайлас жемқорлық рента-
лары мен жоғары құқықтық тәуекелдерге байланысты салық шығында-
рын есепке алмайды.


72
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Сондай-ақ салық заңнамасының барынша күрделі талаптарын орындау 
бойынша бизнестің жоғары транзакциялық шығындарын атап өту қажет.
Салықтық жүктеменің жоғары деңгейі, ең алдымен жалақы қорына төле-
нетін жүктеме, ол сыбайлас жемқорлық ренталары төлеу қажеттілігімен 
бірге жекеменшік секторда салықтан жалтарудың жалпы салдарына әкеледі.
Жалақы қорларына салықтық жүктеменің артуы бюджеттен тыс қаражат-
тың көбеюімен бірге жүреді, бұл төлемдер салық және бюджет рәсімдерін 
айналып өту үшін жасалады. Бүгінгі күні БЖЗҚ-ға, Мемлекеттік әлеуметтік 
сақтандыру қорына, Автономдық кластерлік қорға (жер қойнауын пай-
даланушылардың кірістерінің 1%-не), ҰКК, ӨРҰ-ға және өндірушілердің 
кеңейтілген міндеттемелеріне операторлық жарналар міндетті болып 
табылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды, онда аударымдар 
жасалды, бірақ 2020 жылға дейін жасалған төлемдерді пайдалануға бол-
майды, өйткені әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу белгіленген күнге 
дейін кейінге қалдырылды.
Анықтама үшін:
1) Жалақы қорының ағымдағы жүктемесі (2018 ж.) ~ 32,5%:
•  жеке табыс салығы – 10%;
•  міндетті зейнетақы жарналары – 10%;
•  әлеуметтік салық (МӘСҚ жарналары) – 11%;
•  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар – 1,5%.
2) ЖТҚ‑на 2020 жылға қарай болжамды жүктеме ~ 38%:
•  жеке табыс салығы – 10%;
•  міндетті зейнетақы жарналары – 15%;
•  әлеуметтік салық (+МӘСҚ жарналары) – 9,5%;
•  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар – 3%.
2017 жылы салықтар мен бюджеттен тыс төлемдердің жалпы сомасынан 
2,4 трлн теңге ЖТҚ жиналды.


73
Қазақстандағы салық саясаты
Салыстыру үшін алсақ, Грузияда салықтың тек алты түрі бар: кәсіпорын-
дардың пайдасына салынатын салық; ҚҚС; акциз салығы; жеке табыс 
салығы (табыс салығы); импорт салығы; мүлік салығы.
Бұған қоса, Грузияда жалақыға, әлеуметтік қамсыздандыруға, капитал-
дың жетістігіне, байлыққа немесе мұраға салық салынбайды. Экономика-
лық еркіндік туралы актіге сәйкес, үкімет елдің салық мөлшерлемелерін 
(акцизді есептемегенде) немесе ұлттық референдумсыз салық сомасын 
ұлғайтуға жол бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет