Конспектісі ikmbzh «Инженерлік кәсіпкерлік, маркетинг және бизнес-жоспарлау»



бет12/15
Дата25.11.2023
өлшемі72,71 Kb.
#127647
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тауар номенклатурасы деп сатушының сатып алушыға ұсынатын тауардың барлық ассортименттік топтары мен тауарлық шамалардың жиынтығы. Кейбір компаниялар тауарлық номенклатураны құрайтын бір ғана емес, бірнеше ассортименттік топтарды ұсынуы мүмкін. Мысалы, косметика өндіретін компанияның тауарлық номенклатурасы төрт сызықтық түрлерінен тұруы мүмкін- косметика, зергерлік бұйымдар, модалы киімдер және тұрмыстық тауарлар- мұнда әрқайсысысының ассортиментті бірнеше тауарлардан немесе тауар топтарынан тұруы мүмкін.
Баға – тауар құнының ақшалай түрде көрінуін білдіреді, бірақ құнымен ешқашанда дәл келмейді, өйткені оған көптеген түрлі факторлар әсерін тигізеді: өнімдерге деген сұраным, бәсеке қабілеттілігі, кәсіпорынның нарықта ала­тын жағдайы және т.б. кейбір кездерде кәсіпорын өзінің нарықтағы «беделін» қолданып, өнімдерін жоғары баға­мен сатады, ал кейбір уақытта төмен бағамен еріксіз қана­ғаттануына тура келеді, бірақ бұл жайлар оның өнімдерінің төмен бәсеке қабілетті екендігі туралы куәландырмайды.
Бағаның функциясы деп оның ішкі мазмұнының сыртқы формада айқындалуын айтады. Бағаның бес функцияларын бөліп қарастыруға болады.
1. Есептік функциясы қоғамдық еңбек шығындарын өлшей отырып, бағаның өз мәнімен анықталады, яғни қандай да бір игілікті өндіру және қанағаттандыру үшін қанша еңбектің, шикізаттардың, материалдардың және басқа да қосалқы бөлшектердің жұмсалғандығын анықтайды. Түбінде баға тауар өндірісі мен айналымына жұмсалған жиынтық шығындарды көрсетіп қана қоймай, пайда мөлшерін де анықтайды. Бағаның бұл функциясы өндіріс тиімділігінің негізгі көрсеткіші бола отырып, экономикалық және маркетингтік тұрғыда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндіктері береді.
2. Ынталандырушы функциясы бағаның әртүрлі тауарларды өндіру мен тұтынуға ынталандырушы немес тежеуіш болу ықпалымен анықталады. Баға арқылы келесілерді ынталандыруға немесе тежеуге болады:
- ғылыми-техникалық прогресс;
- ресурстар шығындарын үнемдеу;
- өнім сапасын өзгерту;
өндіру мен тұтыну құрылымын өзгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет