Конспектісі ikmbzh «Инженерлік кәсіпкерлік, маркетинг және бизнес-жоспарлау»



бет10/15
Дата25.11.2023
өлшемі72,71 Kb.
#127647
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
I. Жарнама.
Тұтыну дәлелдерін зерттеу; Жарнама мәтіндерін зерттеу; Жарнама құралдарын зерттеу; Жарнамалық хабарландырулардың тиімділігін зерттеу;
II. Коммерциялық қызмет және оған экономикалық талдау жасау.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімдік болжам жасау; Іскер белсенділік үрдістерін зерттеу; Баға саясатын зерттеу; Кәсіпорындар мен қоймалардың орналасу қағидаларын зерттеу; Тауар номенклатураларын зерттеу; Халықаралық нарықты зерттеу;
III. Фирмалардың жауапкершілігі.
Тұтынушылардың ақпарат алушылық мәселелерін зерттеу; Қоршаған ортаға әсер ету; Жарнама жэне ынталандыру саласындағы заңдылық шектеулерді зерттеу; Қоғамдық құндылықтарды және әлеуметтік саясат мәселелерін зерттеу;
ІV. Тауарларды әзірлеу.
Жаңа тауарларға кері әсерін зерттеу; Бәсекелестердің тауарларын зерттеу; Тауарларды тестілеу; Буып-түю мәселелерін зерттеу;
V. Өткізу және нарықтар.
Нарық мүмкіндіктерін шамалау,; фирмалар арасындағы нарық үлесінің бөлінуіне талдау жасау; Нарық сипатын зерттеу; Буып-түю мәселелерін зерттеу.


9-тақырып. Тауар нарығындағы тұтынушылардың тәртібі. Тұтыну саласында сатып алу туралы шешім қабылдау процесі. Нарықты сегменттеу және өнімді орналастыру. Өндірістік тауарлар мен тұтыну тауарлары үшін нарықты сегментациялау ерекшеліктері-2 сағат.
Дәріс жоспары
1. Қажеттіліктердің мәні мен оның негізгі түрлері.
2. Тұтынушылар типтері. Түпкі тұтынушылардың сатып алу әрекеттерінің ерекшеліктері.
3. Түпкі тұтынушылардың сатып алу әрекеттеріне әсер ететін факторлар.
4. Түпкі тұтынушылардың сауда жасау туралы шешімін қабылдау процесі.
5. Нарықты сегменттеу түсінігі мен белгілері.
6. Тұтыну нарығын сегменттеудің негізгі принциптері.

Сатып алушыларды зерттеу, оларды сатып алуға апаратын негізгі себептерін анықтау және тұтынушылардың құлықтарын талдау ісі қазіргі рынокта табысты жұмыс істеудің қуатты құралы болады. Сатып алушыларды терең түсінудің өзі фирмаға кең мүмкіндіктер жасайды, атап айтқанда:



  • әлуетті тұтынушылармен қарым-қатынасты жақсартады;

  • олардың қажеттерін болжауға көмектеседі;

  • сұранысы көбірек тауарларды шығаруды қамтамасыз етеді;

  • тұтынушылардың мұқтажын түсініп, оны қанағаттандыру арқылы олардың сеніміне ие болады;

  • тиісті маркетинг стратегиясын тауып, жүргізуге көмектеседі;.

Маркетинг көзқарасына сәйкес тұтынушыларды екі топқа бөлуге болады:
1) түпкітұтынушылар – тауарды өзіне тұтыну үшіналатын тұтынушылар;
2) кәсіпқой-тұтынушылартауарды өндіру процесінде қолдану немесе басқаларға сату үшінсатып алушылар;


Осы екі түрлі тұтынушылар тобының қылықтары әрқалай болады. Өйткені олардың:

  • тауарды сатып алу мақсаттары әртүрлі;

  • сатып алу туралы шешім қабылдау әдістері басқаша;

  • сатып алу туралы шешім қабылдау кезінде қолданатын тауардың таным көздері әртүрлі;

  • сатып алу себептері ұқсас емес;

  • сатып алу жиілілігі әрқалай;

  • тауар туралы білім деңгейі басқа;

  • сатып алғаннан кейінгі сервис талаптары өзгеше.

Маркетингті тиімді іске асыру үшінфирма барлық күштерін тұтынушының қажетін канағаттандыруға шоғырландыруы тиіс. Ал адам қажеттері жиі өзгеріп тұрады. Сол өзгерістерге неғұрлым икемді бейімделген кәсіпорындар ғана рынокта кең уақыт сәтті өмір сүре алады. Сондықтан тұтынушыларды зерттеудің маңызды бағыты олардың қажеттіліктерін неғұрлым толық, "түгендеу", талдау, даму бағытын анықтау болады.
Нарықты сегменттеу маркетингтің маңызды құралдары­ның бірі. Нарық сегменті қаншалықты дұрыс таңдалып алынғандығына қарай, бәсекелестік күрестегі кәсіпорын­ның табысы да көп жағдайда осыған қатысты. Бірақ, кез–келген жағдайда, қандай критерийлер мен белгілері бойынша сегменттеуді жүргізуге болатындығын білу қа­жет. Критерий – бұл фирма үшін қандай да бір сегментті таңдаудың негізділігіне баға беру тәсілі. Белгі– аталмышсегменттінарықтабөліпалутәсіліболыпсаналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет