Конспектісі ikmbzh «Инженерлік кәсіпкерлік, маркетинг және бизнес-жоспарлау»



бет13/15
Дата25.11.2023
өлшемі72,71 Kb.
#127647
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
3. Бағаның үлестіру функциясы бағаның өз құнынан әртүрлі факторлардың ықпалымен ауытқып отыруына байланысты. Бағаның фұл функциясы арқылы ұлттық табыс экономика салалары, меншіктің әртүрлі формалары, аймақтары арсында бөлініп және қайта бөлініп отырады.
4. Ұсыным мен сұранымды теңестіру функциясы бағаның өндіріс пен тұтыну және ұсыным мен тұтыну арасындағы байланыспен анықталады.
Баға өндіріс пен айналымдағы диспропорция туралы белгі беріп, олардың алдын алу шартарын анықтайды. Баға- ұсыным мен сұраным арасында тепе-теңдік орнататын икемді құрал. Шаруашылықта диспропорция яғни ұсыным мен сұраным арасында сәйкессіздік байқалған жағдайда тауар өндірісі мен бағасы қысқарады және керісінше болуы мүмкін.
5. Өндірісті рационалды орнықтыру функциясы. Баға механизмінің көмегімен жоғарғы пайдаға жету үшін капитал экономиканың бір секторынан басқа секторына көшіріліп отырады. Капиталдың осылай көшуі фирмалармен ерікті түрде бәсеке заңдары мен сұраным арқылы анықталады. Капиталды өндірістің қай сферасына жұмсау ол тек фирманың басқармасымен ғана анықталады. Ол үшін алдын-ала маркетингтік және нарықтық зерттеулер жүргізіліп алады.


11-тақырып. Тауарды нарықта жылжыту. Тауарларды бөлу арналары-тауар қозғалысы: мақсаты, деңгейлері, ұйымдастырылуы, тиімділікті бағалау критерийлері. Кәсіпорынның маркетингтік коммуникациясының түрлері мен құрылымдары, олардың мақсаттары мен міндеттері -2 сағат.
Дәріс жоспары
1. Тарату арналары түсінігі мен функциялары.
2. Өткізу стратегияларының сипаттамасы.
3. Жарнама түсінігі, ерекшеліктері, функциялары мен түрлері.
4. Жарнаманы тарату құралдары.
5. Жарнама құралдарын таңдау критерилері.

Маркетингте тауар қозғалысы арналарын ұйымдастыру саясаты түбегейлі орын алады. Ол мынадай мақсаттар үшін белгіленеді: көтерме және бөлшек сауда дүкендерінің нүктелерін, қоймалардың, техникалық күтім пунктерінің және көрме залдарын құру, тауар қозғалысы бағыттарын анықтау, тиеу және түсіру бойынша көлік жұмыстарын ұйымдастыру, тауар қозғалысының тиімділігін қамтамасыз ете отырып, өндірілетін өнімдерді тиімді сату үшін оңтайлы нүктелерді ұйымдастыру.


Тікелей өткізу. Өндіріс құралдары нарығында таралған (өнеркәсіптегі өңдеу үшін шикізаттың негізгі түрлерін жеткізуші мұнай, көмір, станок жасаушы және т.б. ком­па­нияларға тән). Тікелей өткізу сауда операцияларын жүр­гізуге толық бақылауды сақтауға, өз тауарларының нары­ғын мұқият зерттеуге, негізгі тұтынушылармен ұзақ мер­зімдік байланыстарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Дегенмен делдалдың қызметіне ақы төлеу қаржысын үнем­деу және тұтынушылармен тікелей байланыс жасауының аясындағы делдалдың жоғары кәсіби деңгейін орындай алуы екі талай.
Жанама өткізу - өндіруші өз тауарларын өткізуді ұйым­дастыру үшін түрлі тектегі тәуелсіз делдалдардың қызмет­терін қолданады. Өткізу қызметінің делдалдық буыны көп­теген жағдайларда өткізу операцияларының тиімділігін арттырады.
Аралас (комбинированный) өткізу – делдалдық буын ретінде, фирма-өндірушілердің, сол сияқты басқа тәуелсіз компаниялардың қаржыларын аралас капиталды ұйымдар­ды пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет