Көз және лор – ағзалар зақымданулары кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі



бет9/10
Дата22.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#58877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жұтқыншақтың жарақаты

  • Ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінеді. Сыртқы жарақаттары кесілген, шаншылған сипатта болады. Ол мойын, бас сүйегі, бет, кеңірдек, өңеш жарақаттары кезінде болады. Ішкі жарақаттары жұтқыншаққа бөтен дененің түсуі кезінде болады. Клиникасы: жұтынудың қиындауы және ауырсынуы. Сонымен қатар, зақымданған ұйқы артериясынан қан кету, қанның аспирациясы байқалады.
  • Жедел көмек: жарақаттаған затты алу, қанды тоқтату, ауырсынуды басатын дәрілер егу.

Құлақтың жарақаты

  • Механикалық, термиялық, химиялық факторлардың әсер етуі нәтижесінде дамиды. Өте жиі сыртқы құлақтың жарақаты кездеседі. Құлақ қалқаны қатты соғылғанда, қатты қысылғанда жарақаттанады. Отогематома болады.
  • Жедел көмек: егер жарақат жеңіл болса және құлақ қалқаны жыртылып кетсе асептикалық таңғыш салу керек. Аурухананың оториноларингологиялық бөлімшесіне тасымалдау.
  • Құлақтың зақымдалуы
  • Құлақтың зақымдалуы әртүрлі болып келеді және де жарақаттаушы агенттің сипатына байланысты болады. Құлақ қалқанының жарақаттарына соққылар,кесілген жарақаттар,құлақ қалқанының түгелдей немесе бір бөлігінің жұлынуы жатады
  • Клиникасы: Құлақтағы ауру сезімі,құлақтан қан кетулер,ауызды ашқандағы және шайнағандағы ауру сезімі,лоқсу,құсу болады.
  • Дабыл жарғағының зақымдалуы: айқын ауру сезімі,құлақтың шуылдауы,есту қабілетінің төмендеуі.
  • Ортаңғы және ішкі құлақ зақымдалса:есту жоғалуы,бас айналу,бет бұлшықеттерінің салдануы
  • Жедел жәрдем: Құлақ қалқаны жарақаттанса асептикалық таңғыш салады.Дабыл жарғағының жарақатында есту жолдарынан қан кетуді турунда енгізу арқылы тоқтатады.
  • Оториноларингологиялық бөлімшеге жатқызылады.

Мұрынға бөтен дененің түсуі

  • Жиі кездеседі. Әсіресе балалар абайсызда майда заттарды мұрынға салып жебереді. (бұршақ, моншақ, жемістің майда сүйектері).
  • Өндірістік және әскери жарақаттарда да мұрынға бөтен денелер (шынының, металдың майда ұшқындары, оқ, снаряд және минаның майда бөліктері) түсіп кетеді. Рефлекторлы түрде түшкіру, көзден жас ағу, мұрын арқылы дем алудың қиындауы болады.
  • Жедел жәрдем: Мұрынның шырышты қабатын жансыздандырып,мұрын қуысынан бөтен денені ілмекпен абайлап алу. Егер алынбаса, аурухананың оториноларингологиялық бөлімшесіне жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет