Күрделігүлділер немесе астралар тұқымдасы кластарымен танысу



бет14/17
Дата03.12.2023
өлшемі30,86 Mb.
#133874
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Аида Әбдурасилова 13 дәріс

Шашыратқы (Cichorium)


Ботаникалық сипаттамасы.
Шашыратқы тегінің өсімдіктері – көп жылдық немесе екі жылдық, сабағының бойы 1,4 метрге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Сабақтары тік өседі, оның әр жерін түк басып тұрады. Тамыры жерге терең бойлайды. Оның ұзындығы 90 – 100 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтары сопақша, ал шеттерінде малдың құлағына салатын сырға секілді ойықтары болады. Сабақ – жапырақтары жіңішке, отырмалы, шеттері – тегіс. Жапырақтарының қуысында екі – үштен орналасқан гүлдерінің түсі көк және көкшілдеу болады. Өсімдік мауысым айынан қыркүйек айына дейін біртіндеп гүлдеп тұрады.

Шашыратқы (Cichorium)


Пайдалануы
Салаттық көкөніс және тамыр жемістілер ретінде өсіріледі. Шашыратқы тамырын кептіріл, қуырып және ұнтақтап үгітілген күйінде кофе сусынын әзірлеуге пайдаланады. Бұл сусын түнбасының тіл үйіретін дәмі және қоңырқай түсі болады.
  • Шашыратқыны кофеге де қосады (бір стақан суға 2 шай қасық кофе, 1/2 шай қасық шашыратқы ұнтағы).

  • Жапырақты ( салаттық) шашыратқы ашқылтым салат өсімдігіне жатады; сәл ашқылтымдау, сүйкімді дәмі бар. Жапырағын көк салат жасауға пайдаланылады.[4]
  • Дәрілік шикізат ретінде шашыратқының тек тамыры ғана пайдаланылады. Оны күз айларында жауын – шашынсыз күндері қазып алады да, топырақтан, жапырақтарынан тазалап, көлеңке жерде кептіреді. Ағаш жәшіктерге, ол болмаса қағаз қапшықтарға салып, құрғақ жерде сақтайды.

  • Тамыр тұнбасының малд азыққа деген тәбетін ашатының , өт жүргізетін, қатты ауырсынуды басатын және зиянды микробтарды өлтіретін қасиеттері бар.Мал дәрігерлік практикасында оны ірі қара, жылқы, қойлардың ас қорыту бездерінің бірқалыпты жұмыс істеуін қалыптастыру үшін, асқазан мен тоқ ішектің қабынуын, бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Мал терісінде пайда болған іріңді бөртпелерді тамыр тұнбасымен емдейді. Ал медицинада қант диабетімен ауыратын адамдарға осы өсімдік тамырының тұнбасы ішкізіледі.

Күрделігүлділердің ерекше түрлері


Қашқаргүл (Aster)
Мақсыр (Carthamus)
Өгейшөп (Tussilago)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет