Кредит саны (ects): 5



бет2/17
Дата20.09.2022
өлшемі168,35 Kb.
#39650
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Педагогика» пәні оқытылады: 1 -15 апталарда пән бойынша 52 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 15 лекция, 22 практикалық және 15 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімдіжәне ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (АБ 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (АБ 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) қолады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде жазбаша орындалатын технологиялық карталар мен сызбаларды толтыратын шығармашылық мазмұндағы үй тапсырмалары беріледі. Пән бойынша 2 студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасында беріледі.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-15 апталарында барлық лекциялық және практикалық сабақтар өткізіледі. Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) студент курсқа қосылуы керек. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін студент практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Теориялық немесе практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОБӨЖ сабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет өткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілген уақытта университеттің ресми LMS – Сириусқа жүктеуі қажет.



1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Жалпы орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби педагогикалық бағыттылығы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің мәні мен өзгешелігі және кәсіби педагогикалық іс-әрекет теориясы бойынша біліммен қаруландыру ( қамтамасыз ету).
Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекет пен қазіргі заман мұғалімі бейнесін жүйелі зерделеу біліктілігін қалыптастыру.
Үздіксіз кәсіби білім алуға ұстанымын қалыптастыру( ұдайы шығармашылық ізденіске бейімдеу).
Болашақ мұғалімдерде дүниетанымдық ұстанымын дамыту және теориялық білімдерін практикалық біліктілікке алмастыру қабілеті ретіндегі түйінді құзыреттіліктер жиынтығын (зерттеушілік, дидактикалық, тәрбиелік, ақпараттық, коммуникативтік және т.б.) қалыптастыру.
Студенттерде өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.
Болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік, педагогикалық сындарлы ойлау, коммуникативті дағды, педагогикалық әдеп, креативтік, толеранттылық және т.б.)
дамыту.

2

Сағат саны

Лекция – 22,5 сағат.
Практикалық сабақтар- 33 сағат.
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ)- 79,5 сағат (соның ішіндеОБӨЖ (15 сағат).Барлығы - 150 сағат.

3

Оқыту нәтижесі

Осы курсты аяқтағаннан кейін студентте келесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет