Графикке сәйкес, 2-ші минуттан бастап, 18-ші минутқа дейін, қыздыру жалғастырылса да, мұз температурасы 0 0С-тан өзгермеген, демек, осы уақыт аралығында мұзға берілген жылу
А) мұздың көлемінің ұлғаюына жұмсалған
В) мұздың көлемінің кішіреюіне жұмсалған
С) мұздың кристалдық торының бұзылуына жұмсалған
Д) мұздың булануына жұмсалған
Е) мұз салынған ыдыстың қызуына жұмсалған
Жауабы:С) мұздың кристалдық торының бұзылуына жұмсалған
Қырау 8-сынып Оқу мақсаты: 8.3.2.10 – балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруға қолдану;
Қыстың аязды күндері бөлме терезесінің іш жағында қырау пайда болатынын білеміз. Қырау суық терезеге жанасқан бөлме ауасындағы су буының сұйық күйді аттап өтіп бірден қатты күйге ауысуы нәтижесінде болып табылады. Терезедегі қыраудың мөлшері сырттағы және бөлмедегі ауа температураларының айырмасына байланысты.
Қыстыгүні далада -300С аяз, ал бөлмеде 200С болғанда терезе әйнегі ауданының 1/5 бөлігін қалыңдығы 0,8 мм қырау басты. Бөлме терезесінің ұзындығы 1,5 м, биіктігі 1,2 м. Бөлмедегі ауа температурасы тұрақты жағдайда, даладағы ауа температурасы 10С-ке төмендегенде қыраудың ауданы 0,7%-ға артады. ( )
Сырттағы ауа температурасы күрт төмендеген кезде терезе суланбастан бірден қырау пайда болу құбылысы